Сөздерді буынға бөліп жазу

Сабақтың мақсаты

  • Я, Ю әріптерінің жазылуын еске түсіру және бекіту.
  • Й + у дыбыстарының орнына Ю, ал й + а дыбыстарының орнына Я әрпі жазылатынын қайталау.
  • Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, оларды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларға сөздерді сөз құрамына талдату.

III. Жаңа сабақ

а) Түсіндіру

Я және Ю әріптері — қосарлы дыбысты білдіретін әріптер. Олар естілгенде й + а және й + у болып қабылданады.

Сондай-ақ сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны еске түсіріледі.

Я әрпі бар сөздер

  • Аян
  • аялдама
  • таяу
  • аяң

Ю әрпі бар сөздер

  • қою
  • шалқаю
  • костюм

Сөздік диктант

көркею, тиянақты, тию, күю, сыяды, тақия, қияр, молаяды, Әлия, жариялау, оюлы, миуа, сарғаю, көркею, зиянды, ұя, мая, сия, аяу

Тапсырма: сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем ішінде дұрыс қолданыңыз.

Сөздерді буынға бөліп жазу

өр-мек жыл-қы ке-зек дом-бы-ра су-рет ті-гін жұ-мыс тең-із аң мал си-ыр күй жа-зу сы-лақ қа-лау о-қу

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Саят пен Аян қоянды көрді. Қоян Аян мен Саяттан қорқып, бүрісіп қалды. Олар қоянды аяп кетті. Қоянға көмектесу үшін қасына таяп келді.

Тапсырма: мәтіндегі Я және Ю әріптері бар сөздерді тауып, астын сызыңыз.

Бекіту сұрақтары

  1. Буын дегеніміз не?
  2. Буын қалай жасалады?
  3. Я, Ю әріптері қандай дауысты дыбыстарды білдіреді?

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

Үй тапсырмасы

Я және Ю әріптері бар сөздер жазу; әр сөзді буынға бөліп көрсету.