Баланы қызықтыратын тақырыптар бойынша ғылыми ізденістеріне көмектесу, білім жолын тереңдету
Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың ерекшеліктері
Жоба тақырыбы
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Мақсаты
Оқушыларды тек білім жүйесімен қаруландырумен шектелмей, олардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлауын, тіл мәдениетін және білімге құштарлығын дамытуға жағдай жасау. Сонымен қатар, өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыруына, ықыласын арттыруына, төзімділігі мен іскерлігін шыңдауына, ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін жетілдіруіне ықпал ету.
Міндеттері
- Пән бойынша оқушының білім, білік және дағдыларын тереңдету.
- Тапсырманы орындау барысында себеп-салдарды анықтап, қорытынды жасай білуге бағыттау.
- Оқушыны қызықтыратын тақырыптар бойынша ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету және білім көкжиегін кеңейту.
Дарынды балаларды айқындау жолдары
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау келесі іс-шараларды дайындау мен өткізу барысында жүзеге асырылады:
- Пәндік олимпиадалар
- Білгірлер турнирлері
- Музыкалық және көркемөнер байқаулары
- Фестивальдар
- Жазғы мектеп лагерлері
- Кіші академия ғылымдарының сессиялары
- Оқу-шығармашылық конференциялар
Дарындылық түрлері
«Іс-әрекеттің әралуан түрінде дарындылықтың көріну деңгейі» өлшемі бойынша дарындылық екіге бөлінеді:
Жалпы дарындылық (ақыл-ой)
Негізгі базаІс-әрекеттің әрбір түрінде ортақ кезеңдер болатындықтан, жалпы дарындылық көптеген салада көрінеді. Ақыл-ой дарындылығы кез келген істі табысты жүзеге асыру үшін қажет.
Арнайы дарындылық
Белгілі бір бағытІс-әрекеттің нақты бір түрімен тығыз байланысты. Бұл бағытта ерекше психикалық қасиеттер айқын көрінеді: техникалық, музыкалық, бейнелеу, әдеби-поэтикалық және басқа да қабілеттер.