Шығармашылық қабілетін арттыру
Сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Пән
Әдебиеттік оқу
Сынып
3-сынып
Сабақ тақырыбы
Абай Құнанбаев — «Адам болам десеңіз»
Жалпы мақсат
Өлең жолдары арқылы оқушыны өзіндік ой түйіндеуге баулу.
Өлеңдегі бес асыл қасиетті түсіндіру: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Жаман қасиеттердің мәнін ұғындыру: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақтық.
Бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушыны өз пікірін айтуға, өзгенің ойын тыңдауға, дәлел келтіруге үйрету.
Оқушыны жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман әдеттерден аулақ болуға бағыттау.
Оқу нәтижелері
- Топпен жұмыс жасай алады.
- Өз бетінше жұмыс істеуге машықтанады.
- Өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады.
- Әр ұғымға қатысты өз көзқарасын білдіреді.
Негізгі идеялар
Өзіндік ізденіс
Оқушыны өз бетінше ізденуге бағыттау, ойды тұжырымдауға мүмкіндік беру.
Сыни ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, дәлел келтіру мәдениетін қалыптастыру.
Ресурстар мен дереккөздер
Сабақта қолданылатын ресурстар
- АКТ: электронды оқулық
- Тақырыпқа байланысты суреттер
- Мақал-мәтелдер
- Сызбалар, тірек-сызба
Дереккөздер
- Оқулық
- Автор туралы мәліметтер
- Ғаламтор материалдары
- Көркем сөздер мен дәйексөздер
Оқыту әдістері
Сабақ барысы (Блум таксономиясы бойынша)
Білу
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеу.
- Өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.
- Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Түсіну
- Өлеңді оқыту арқылы ондағы сөздердің мағынасын ашу.
- Сергіту сәті: «Қара жорға».
Қолдану
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушының қабілетін дамыту.
Талдау
Өлең мазмұны бойынша дәлел табуға бағыттау, пікірді негіздеуге үйрету.
Жинақтау
- А. Құнанбаев туралы сызбаға назар аудару.
- Өлеңнен «бес асыл іс» туралы ойды жинақтап, сызбаға түсіру.
Бағалау
Ойды жинақтау дағдысын қалыптастыру, оқушыны ізденімпаздыққа бағыттау.
Сілтеме
Нұсқаулық материалдар, «Әдебиеттік оқу» оқулығы.