Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте
Қадыр Мырза Әли
Қираған құлпытастар
Кімді аяйды есіргендер,
Қызғаңдар?! -
Қасиетті ұғымдарды сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.
Құлпытасқа қол көтеру, қарағым,
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Жи, бауырым,
Жи, бауырым, есіңді!
Жауыздыққа куә болды өсімдік.
Табытынан суырып ап аруақты
Тепкіледі деген осы!
Не сұмдық!
Тәнті болған елді билеп - төстеуге
Тиранның да аузы бармас "хош!" деуге.
Бауырым - ау, қорлау үшін адамды
Бұдан басқа болады енді не істеуге?!
Менің өзім бұған күдік келтірмен:
Жаза болып жарытпайды сол түрмең.
Қалай солай өлтіреді тіріні
Бір өлгенді екінші рет өлтірген!
Қирап жатқан ескерткіштер көп тегі,
Қарағым - ай, қарғауға сөз жетпеді!
Құлпытасқа түскен сызат,
Жарқыншақ -
Шапалақтың таңбасындай беттегі!
Кімді аяйды есіргендер, Қызғандар?!
Ар - ожданын тумай жатып сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Маңғыстау облысының тарихы мен физикалық -географиялық жағдайы
Жер сілкінісі
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Мен білетін тарихи қалалар құпиясы
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Жер сілкінісі. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар
Алматы ежелгі қазақ даласы
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер туралы
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен
Жазба ескерткіштер
Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Сақтардың ескерткіштері
Көне түркі жазба ескерткіштері