Суық торғайлар
Саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту және түсті қағазда дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ұжыммен сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық қабілеттері мен сурет салуға қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар! Алтын күн жер-анаға мейірлі шуағын төгіп тұр. Біздің де жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Кәне, бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайық.
Балалар:
- Қайырлы таң – Алтын күн!
- Қайырлы таң – Көк аспан!
- Қайырлы таң – қонақтар!
- Қайырлы таң – достарым!
Жыл мезгілдері туралы әңгіме
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.
Тәрбиеші: Қыс айларын қалай атаймыз?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Орманға «сиқырлы» саяхат
Тәрбиеші: Орманға барғыларың келе ме? — Иә.
Тәрбиеші: Ендеше сиқырлы қалпағым мен шапанымды киіп алайын. Солардың көмегімен орманға барамыз. Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз…
Тәрбиеші: Міне, орманға да келдік. Орманнан нелерді көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауабы: Ақ қар, шыршалар, ағаштар.
Қыс туралы тақпақтар
Айша
Қыс дегенің аққала,
Үлбіреген мақта ма?
Тыным таппай күн ұзақ,
Тұрғызады аққала.
Ерман
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Аппақ көше, бар дала,
Аппақ ой мен қыр-аттар.
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Тәрбиеші: Шыршаның түсі қандай? — Жасыл.
Тәрбиеші: Шыршаның бойы қандай? — Аласа, биік.
Қоянмен кездесу
(Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.)
Қоян: Ой, сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, қоян. Біз орманға саяхатқа келдік.
Аида
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүреді.
Батырша
Мен қоянмын, қоянмын,
Аппақ қарға бояндым.
Достар тағы келер деп,
Ерте таңнан ояндым.
Қоян: Қандай керемет! Мен де сендермен бірге жүрсем бола ма?
Тәрбиеші: Әрине, қоян. Бізбен бірге жүр.
Қыстап қалатын құстар: суықторғай
Тәрбиеші: Ағаштарда жапырақтар бар ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Анау аппақ болып тұрған не?
Балалар: Ақ қар.
Тәрбиеші: Ал мынау нелер?
Балалар: Суықторғайлар.
Тәрбиеші: Неге оларды суықторғай дейміз?
Балалар: Өйткені олар қыстап қалады.
Нұржігіт
Үйге кірші, торғайым,
Сары аяздан қорғайын.
Үйшік жасап берейін,
Алдыңа жем төгейін.
Күн жылынып қар кеткенде,
Босатамын көктемде.
Тәрбиеші: «Торғай, торғай, тоқылдақ, жерден тары шоқып ал» — деп, балалар, торғайларға жем шашайық.
(Балалар торғайларға жем шашады.)
Аюдың апаны
Тәрбиеші: Мына жерде апан бар екен. Қане, қарайық, бұл ненің апаны? — Аюдың апаны.
Ұлпан
Менің жазғы қорегім —
Жеміс-жидек теремін.
Теремін де керегін,
Қонжығыма беремін.
Ал қыстайғы тамағым —
Өзімнің май табаным.
Сорамын да жатамын,
Тәтті ұйқыға батамын.
Тәрбиеші: Қыста аю ұйықтайды. Сондықтан тыныш жүрейік: айқайласақ, шуласақ аю оянып кетуі мүмкін. Апанның қасынан ақырын өтіп кетейік.
Аққала: пішін мен бөліктер
Тәрбиеші: Міне, балалар, алдымызда аққала тұр. Бізден бұрын келген балалар орманға саяхат жасап, аққала жасап кетіпті.
Бөліктері
Үш бөліктен тұрады
Пішіні
Дөңгелек
Түсі
Ақ
Түлкінің үйшігі
Тәрбиеші: Мына жерде әдемі үйшік тұр. Бұл үйшік кімдікі екен? Терезесін қағып көрейік.
Түлкі: Амансыңдар ма, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, түлкі.
Мерей
Түлкі деген қу екен,
Жүрген жері шу еткен.
Түздің жылпос бұл аңы,
Артында көп ылаңы.
Сүп-сүйір боп ауызы —
Аңдардың қу жауызы.
Бір амалын тапсақ қой,
Ұстап тісін қақсақ қой.
Терісінен көрікті
Киер едік бөрікті.
Түлкі: Жарайсыңдар, балақайлар! Мен де сендермен бірге жүрсем бола ма?
Тәрбиеші: Иә, бізбен бірге жүр.
Қимылды ойын
Тәрбиеші: Балалар, тоңып қалдық. Аңдармен бірге ойын ойнасақ қалай болады?
Қоян: Мен бастайын. Қимылды ойын ойнайық: «Аяз» десем — секіреміз, «Шуақ» десем — тоқтаймыз. Екі рет қайталаймыз.
Автор туралы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №36 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі — Есмағанбетова Разима Әбдіғамитқызы.
Негізгі ойлар
- Қыс тақырыбы арқылы қиялды ояту және ұжымдық жұмысқа баулу.
- Табиғатқа қамқорлық және жануарларға жанашырлық тәрбиелеу.
- Билингвалдық сөздер арқылы тілдік қорды кеңейту.
Жұмыс форматы
Сұрақ-жауап: жыл мезгілдері, қыс белгілері.
Көркем сөз: қыс, қоян, торғай, аю, түлкі туралы тақпақтар.
Қимыл-қозғалыс: «Аяз — секіреміз, Шуақ — тоқтаймыз» ойыны.