Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары
Сабақ тақырыбы
Мысалдар. «Аққу, Шортан һәм Шаян» — Ахмет Байтұрсынұлы.
Сабақ түрі: жаңа сабақ. Сабақ типі: жаңа білімді игеру.
Сабақ мақсаты
Білімдік
Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру және мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Ауызша сөйлеуді, мәнерлеп әрі түсініп оқуды, ойды жүйелі жеткізуді, шығарманы талдауды және шығармашылықпен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік
Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың негізгі ойы арқылы ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен әдістер
Көрнекілігі
- А. Байтұрсынұлы мен И. А. Крылов портреттері
- Мысал бойынша салынған сурет
Әдіс-тәсілдер
- «Аквариум» әдісі (топтық жұмыс)
- Түсіндіру, іздендіру
- Өздігінен білім алу
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Өнер де, ой да, білім де, Өркендер ана тілінде. Ананың тілін сүйгендер, Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапалы білім, Ардақтаймыз ана тілін!
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Қауын мен Қарбыз» тақырыбы бойынша:
- Мазмұнын айту
- Жұмбақ жазу
- Сурет салу
Қорытынды: Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ортақ және ерекше белгілерін анықтау.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі сабақта біз аққу, шортан, шаян туралы мағлұмат алып, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен және «Аққу, Шортан һәм Шаян» атты мысалымен танысамыз.
IV. Топқа бөлу және топтық тапсырмалар
Топқа бөлу шарты: төртбұрыш қағаздағы Аққу, Шортан, Шаян суреттері арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өз тақырыбы бойынша алдын ала ізденіп, тірек-сызба жасап, түсіндіріп қорғайды.
1-топ
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі
2-топ
Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары
3-топ
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері
Негізгі деректер (қысқаша)
- Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1938) — ғалым, ақын, ағартушы, аудармашы.
- «Тіл-құрал» еңбегінің авторы, «Тұңғыш әліппе» жазған.
- И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарған.
- Бүгінгі қарастырылатын мысал: «Аққу, Шортан һәм Шаян».
«Мысал» жанры дегеніміз не?
Мысал — адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтайтын шығарма. Онда көбіне өсімдіктер, жануарлар, құстар кейіпкер ретінде алынады.
V. Ой қозғау (постер қорғау)
1-топ: Аққу қандай құс?
Аққу — сұлу, нәзік, сезімтал, сақ құс. Көлде сырғып жүзіп, қамыс арасына ұя салады. Ерекше үн шығарады. Аққулар — сирек кездесетін құстар, сондықтан оларды аулауға тыйым салынған.
2-топ: Шортан қандай балық?
Шортан — ірі жыртқыш балық. Қазақстанның көптеген су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ. Қорегін көбіне шөп арасынан тасада жатып, атылып барып ұстайды.
3-топ: Шаян туралы не білесіңдер?
Шаян — қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа жәндік. Түрлері көп (төрт мыңнан астам). Теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. Өлексемен және омыртқасыздармен қоректенеді.
VI. Оқулықпен жұмыс
Тапсырмалар
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Оқушыларға кезектесіп оқыту.
- Сюжет суреттері бойынша әңгімелеу.
Топтарға сұрақтар
- 1-топ: Кейіпкерлер бұл мысалда не істемекші болды?
- 2-топ: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
- 3-топ: Мысал бізді неге шақырады?
VII. Сөздік жұмысы
Ғибрат
үлгі, тәрбие, өнеге
Һәм
және
Дүркін-дүркін
қайта-қайта
Машақат
әурешілік
VIII. Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық, Қане, қанат жазайық. Аққу болып ұшайық, Көлде жүзген балықтай, Жүзіп-жүзіп алайық. Шаянға ұқсап, былпылдап, Қане, айналып қарайық.
IX. Шығармашылық жұмыс
I топ: Аққулар
- А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде берілген?
- Мысал бізді неге шақырады?
Тәрбиелік мәні: балаларды бірлікке, ынтымаққа шақырады.
II топ: Шаяндар
Бірлік пен ынтымақ туралы білетін мақал-мәтелдерді жазу.
III топ: Шортандар
Мысалды сахналық қойылым ретінде дайындау (диалогке айналдыру және импровизация).
Үлгі диалог (қысқаша)
Автор: Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездеседі. Жүк тиелген арбаны көріп қуанады.
Аққу: Достар, арбаны әуеге тартып шығарайық.
Шортан: Жоқ, оны көлге апарайық.
Шаян: Одан да құмға апарайық.
Автор: Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.
X. Қорытынды
5 жолды өлең
Әр топ өз атауына байланысты (Аққу, Шортан, Шаян) 5 жолды өлең құрастырады.
Рефлексия
«Не үйрендік? Не білдік?» сұрақтары бойынша ой қорыту.
XI. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу.
- Кейіпкерлердің суретін салып, әрқайсысына мінездеме жазу.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы бойынша бағалау жүргізіледі.