Жазушының алғашқы әңгімесі - Күй аңызы әңгімесі екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз

Әдебиет • 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін талдау

Сабақтың мақсаты

Білімділік
Көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын аша білу; кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдау.
Дамытушылық
Озық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру; ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік
Халқымыздың мәдени мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

  • Сабақтың түрі: СТО, СКТ
  • Әдістері: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс

Қамтамасыз ету

  • Көрнекілігі: интербелсенді тақта, портрет, слайдтар
  • Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың өту барысы

  1. 1) Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару.
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру: Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі бойынша дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, біз өткен сабақта Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен таныстық. Сонымен қатар жазушының «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», «Махаббат мұңы» драмалары және өзге де шығармалары бар екенін білдіңдер.

Жазушының алғашқы әңгімесі — «Күй аңызы» екендігін де өткен сабақта атап өттік. Әңгіменің өзегі сендерге таныс. Енді мәтін желісі бойынша топтық жұмыстар орындаймыз.

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өз бағыты бойынша талдап, ортақ қорытынды ұсынады.

І топ

Автор • тақырып • жанр • идея • кейіпкерлер

Автор: Тахауи Ахтанов

Тақырып: өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті

Эпикалық жанр түрі: әңгіме

Идеясы: күй өнерінің құдіретін ұғыну, өнер адамын дәріптеу

Кейіпкерлер:

  • Жағымды: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, қария
  • Жағымсыз: жоқ

ІІ топ

Композиция • қысқаша мазмұн • тәрбиелік мән

Шығарманың композициялық құрылысы

  1. Басталуы: қос салт атты.
  2. Байланысуы: жырада кездескен жалғыз нар.
  3. Дамуы: өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
  4. Шиеленісуі: әлденеге талпынған көңіл...
  5. Шарықтау шегі: Естемес күйшінің елде жоқ қолқа салуы.
  6. Шешімі: «Нар идірген» күйінің өмірге келуі.

Тәрбиелік мәні

Әңгіме оқушыны өнердің рухани қуатын сезінуге, ұлттық мұраға құрметпен қарауға, адам жанының нәзік күйін түсінуге баулиды. Күйдің туу сәті — сезім, қайғы, мейірім мен талғамның тоғысуынан пайда болатын шығармашылық құбылыс ретінде танылады.

ІІІ топ

Көркемдік әдіс • әдеби-теориялық ұғымдар

Негізгі ұғымдар

  • Баяндау: әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.
  • Суреттеу: оқиға орны мен кейіпкерлердің болмысын, ортасын таныта көрсету.
  • Портрет: кейіпкердің сырт тұлғасын, бет-әлпетін суреттеу.
  • Монолог: кейіпкердің ішкі ой-толғанысы.
  • Диалог: кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуі.

Көріктеуіш құралдар

Теңеу мысалдары

жібектей майысып; балшықтан құйғандай; сүйріктей саусақ; оңып кеткен шүберектей.

Эпитет мысалдары

өткір қоңыр көзді; мүсәпір бейнесі; жұмсақ әуен бояуы.

Түсіндірме жұмыс

Таспадан «Нар идірген» күйінің шығу тарихын тыңдату (аудио/бейне материал арқылы).

Ширату сұрақтары

  1. Неліктен әңгіме «Күй аңызы» деп аталған?
  2. Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер?
  3. Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
  4. Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
  5. Оразымбетке қандай мінездеме берер едіңдер?
  6. «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер» деген сөз арқылы Жаңылдың мінезі қалай ашылады?
  7. «Өлімнен ұят күшті» деген ой қарияның болмысын қалай танытады?
  8. Естемес күйшінің жүрегін бүлк еткізіп, көңілін әлденеге талпынтқан не?
  9. «Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар? Немесе Естеместің «Заманым өткен екен ғой» деп аһ ұруы нені білдіреді?
  10. Жаңылдың іс-әрекетіне көзқарасың қандай?

Сабақты бекіту

Шығармашылық тапсырма

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім…» тақырыбында қысқаша ойтолғау жазу.

Үй тапсырмасы

«Қазақ күй өнері» тақырыбына шығарма жазып келу.

Қорытынды және бағалау

Сабақ соңында топ жұмысы, жауаптардың дәлелділігі, мәтінмен жұмыс сапасы және шығармашылық тапсырма негізінде бағалау жүргізіледі.