Сөздің грамматикалық мағынасы
Маңғыстау облысы • Бейнеу ауданы
Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманбаева Хадиша
Сабақ тақырыбы
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Сынып
8-сынып
Сілтеме
- Күнтізбелік жоспар
- Орта мерзімді жоспар
- Оқулық
- Мұғалімге арналған нұсқаулық
- СТО стратегиялары
Жалпы мақсат
Оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік бірліктерді өз бетінше талдап, меңгере білуіне ықпал ету; әрекетшілдік пен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
Тілді дамыту, сөздік қорын молайту, ойды жүйелі әрі дәл жеткізуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
- СТО тәсілдері арқылы мәтінді мәнерлеп оқып, талқылайды.
- Тақырыпты ашады, ережеге бағынады.
- Топта бірлесе жұмыс істеп, бір-бірін тыңдай біледі.
Оқыту формасы
- Жеке оқушымен жұмыс
- Топтық жұмыс
- Сынып ұжымымен жұмыс
Модульдер мен әдістер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (СТО)
- Оқыту үшін және оқуды бағалау
- Топтастыру, «Миға шабуыл»
Құрал-жабдықтар
Бағалау парақтары, кеспе қағаздар.
Сабақ құрылымы (кезеңдер)
1-кезең: Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру • «Алтын ереже»
Мұғалімнің әрекеті
- Сыныппен сабақ мақсатын нақтылау.
- «Алтын ережемен» таныстыру.
- Жазғы демалыста қайда болғандары туралы әңгімеге жетелеу.
Оқушының әрекеті
- Өздері болған жерлерін сипаттап айтып береді.
- Ережелерді қабылдап, топтық жұмысқа дайындалады.
2-кезең: Жаңа сабақ (мағынаны ашу)
Әдеби тіл • Тарихи даму • Топтық зерттеу
Қазақтың әдеби тілі — қазақтың ұлттық әдеби тілі. Ол сан ғасырлық даму барысында қалыптасқан тарихи құбылыс. Сабақта жалпыхалықтық тіл мен әдеби тіл ұғымдарының бірдей еместігі түсіндіріліп, әдеби тілдің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және ұлттық сипатқа ие болуы қарастырылады.
Негізгі бағыттар
- Қазақ ұлттық әдеби тілінің өзекті мәселелері.
- Қазақ зиялылары мұрасының және тарихи құжат тілінің әдеби тілді дамытуға ықпалы.
- Әдеби тілдің қалыптасу және даму кезеңдері.
- Қазақ ұлттық әдеби тілінің зерттелуі.
Әдеби тілдің даму кезеңдері
- Ауыз әдебиетінің тілі
- Ерте дәуір мен орта ғасырлардағы әдеби тіл
- XV–XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі
- XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілі
- XIX ғасырдағы қазақ әдеби тілі
- Қазіргі замандағы қазақ әдеби тілі
Топтық жұмыс: 6 бағыт бойынша зерттеу
Сынып 6 топқа бөлінеді. Әр топ өз бағыты бойынша қысқаша түсіндірме жасап, мысалдар келтіреді және қорытындысын сынып алдында ұсынады.
1-топ: Дыбыс жүйесі (фонетика)
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар, жіктелуі.
- Үндестік заңы: тіл және ерін үндестігі; ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал.
- Буын, тасымал, екпін және ырғақ.
- Дыбыстық құбылыстар: редукция, элизия, метатеза.
- Орфография принциптері және орфоэпиялық норма.
- Кірме сөздердің емлесі, бірге/бөлек жазылатын сөздер.
2-топ: Лексика
- Сөз мағынасы және мағына түрлері.
- Синоним, омоним, антоним.
- Ауыспалы мағына және көп мағыналылық: метафора, метонимия, синекдоха.
- Терминдер, кәсіби сөздер, төл және кірме сөздер, диалектизмдер.
- Фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, сөздіктер.
- Ономастика, этимология.
3-топ: Сөзжасам
- Сөзжасамдық ұғымдар: ұя, жұп, тізбек, саты.
- Сөзжасамдық мағына және тәсілдер: синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық.
- Сөз таптарының сөзжасамы: есім сөздер, етістік, үстеу.
4-топ: Сөз жүйесі (морфология)
- Грамматикалық мағына және берілу тәсілдері (қосымша, көмекші сөз, орын тәртібі, т.б.).
- Морфема: түбір және қосымша (жұрнақ, жалғау).
- Жалғаулар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.
- Сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш, одағай, шылау.
- Көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер.
5-топ: Сөйлем жүйесі (синтаксис)
- Сөз тіркесі: құрылысы, байланысу формалары мен тәсілдері.
- Сөйлем мүшелері: тұрлаулы және тұрлаусыз.
- Жай сөйлем түрлері: жалаң/жайылма, жақты/жақсыз, толымды/толымсыз, атаулы.
- Құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас, аралас; жасалу жолдары.
6-топ: Тыныс белгілері
- Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері.
- Бірыңғай мүшелер, жалпылауыш сөздер, оқшау сөздер.
- Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің тыныс белгілері.
- Айқындауыш мүшелер, төл сөз бен автор сөзі.
- Құрмалас сөйлемдердегі тыныс белгілері.
Сергіту сәті
Барлық топ мүшелері бірге орындайды.
Қосымша мазмұн: сөйлеу мәдениеті
- Әдеби тіл және оның нормалары: орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық.
- Ауызекі сөйлеу тілі, тұрмыстық сөйлеу тілі, кітаби тілдің ауызша түрлері.
- Мәтін түрлері: ғылыми, публицистикалық, ресми, көркем.
- Тіл мәдениетінің сапалары: дәлдік, логикалылық, тазалық, мәнерлілік, байлық, қисындылық.
1-жаттығу
«Қазақтың әдеби тілі» мәтінін оқып, ойға тірек болатын сөздерді табыңдар және олардың мағынасын ашыңдар. Оқушылар жұптасып сұрақтарды талқылайды, бір-біріне сұрақ қояды және тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты бекітеді.
3-кезең: Бекіту және ойтолғаныс
Қорытынды • Бағалау • Үй тапсырмасы
Ойтолғаныс сұрақтары
- Не білдік?
- Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі қандай?
- Мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі нені білдіреді?
- Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айту.
Бағалау және рефлексия
- Өзін-өзі бағалау
- Формативті бағалау
- Жиынтық бағалау
Үй тапсырмасы
Қазақ тілі туралы «асыл мұра» тақырыбына байланысты мәтінді оқып келу.