Мыжғылайсың жүрегімді тұқылдай
Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Сораптайды құшырланып ол мені.
Мен – шығынмын!
Шырын мұңға сатылғам,
Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Үнсіздігің сорып жатыр күл қылып!
Мыжғылайсың жүрегімді тұқылдай.
Ал мен сені көтеремін Күн қылып,
Күлсалғышта өмір сүрем ұтылмай.
Жұпарыммен жүйкеңізді емдеймін!
Жұтылудан қорықпаймын жоқ болып.
Мен өлмеймін!
Бұлқынғанда көнбей мұң
Шылымыңда оянамын шоқ болып...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау
Өлеңдер жинағы
Қасымның қаламы нұрлы ақын
Суицид және жасөспірім
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Пайғамбар
Аққулар
Мағжан Жұмабаевтың поэмалары
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Мақатаев мұқағали (мұқаметқали) сүлейменұлы
Мұқағали МақатаевСен менің жүрегімді жазалама, Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да, Жүрек деген - сезім ғой, сезімімеСезіммен кел, болмаса мазалама
Фариза Оңғарсынова өлеңіСен қайда жүрсің, мені осыншама сағындырып, жүрегімді лаулатып жалын қылып