Жабайы аңдар

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
Қазақ тілі
Тобы
Мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы
Жабайы жануарлар
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, практикалық жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Тақырыпқа сай суреттері бар слайдтар
  • Көрнекі суреттер, интерактивті тақта
  • Үлестірмелі материал
  • Жабайы аңдардың суреттері және ойыншықтар

Мақсаты

Танымдық мақсат

Балаларды жабайы жануарлармен таныстыру, олардың ерекшеліктерін ажыратуға үйрету.

Тілдік мақсат

Сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді дұрыс айтуға және қойылған сұрақтарды толық жауаппен жеткізуге дағдыландыру.

Коммуникативтік дағды

Диалогке қатысу, тыңдау және жауап беру мәдениетін қалыптастыру.

Практикалық әрекет

Ойын арқылы бекіту: сәйкестендіру, салыстыру, есте сақтау және назар аудару жаттығулары.

Қостілділік (билингвальді) компонент

Сабақ барысында негізгі сөздер қазақша айтылып, орысша баламасымен бекітіледі.

орман

лес

жабайы жануарлар / аңдар

дикие животные

арыстан

лев

қасқыр

волк

керік

жираф

піл

слон

жолбарыс

тигр

түлкі

лиса

қоян

заяц

тышқан

мышь

кірпі

ёжик

аю

медведь

тиін

белка

Сипаттамалы тіркестер

қоян қорқақ

зайчик трусливый

түлкі қу

лиса хитрая

аю маймақ

медведь косолапый

қасқыр жыртқыш

волк хищник

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Төмендегі жоспар мұғалімнің әрекеті мен балалардың белсенді қатысуын үйлестіре отырып, жаңа сөздерді ойын арқылы бекітуге бағытталған.

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Мұғалімнің әрекеті

  • Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, сәлемдеседі.
  • Тақпақты бірге айтқызады.
  • Күз мезгілі туралы сұрақтар қояды: «Қазір қай мезгіл? Күз қандай?»
  • Күзде аңдардың қысқа дайындалатынын түсіндіреді; мультфильм кейіпкері Машаға ормандағы достары көмектесетінін айтады.
  • Жұмбақтар арқылы аңдарды тапқызады.

Балалардың әрекеті

  • Шаттық шеңберіне тұрып, амандасады.
  • Тақпақты мәнерлеп айтады.
  • Күздің белгілерін атайды: жаңбырлы, салқын.
  • Жұмбақтардың шешуін табады: түлкі, аю, қасқыр, қоян.

Шаттық шеңберіне арналған тақпақ

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Жарқыраған күнге!

Жұмбақ 1

Өзі қу, айлакер,
Жүрген жүрісі бұлғаң-бұлғаң.

Жауабы: түлкі (түлкі қу)

Дыбыстау: «Кі-кі-кі — бұл қу түлкі»

Жұмбақ 2

Үлкен, маймақ,
Қыста ұйықтайды,
Жазда оянады.

Жауабы: аю (аю маймақ)

Дыбыстау: «Ю-ю-ю — мынау маймақ аю»

Жұмбақ 3

Түсі сұр,
Өзі жыртқыш.

Жауабы: қасқыр (қасқыр жыртқыш)

Дыбыстау: «Қыр-қыр-қыр — өзі жыртқыш қасқыр»

Жұмбақ 4

Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ.

Жауабы: қоян (қоян қорқақ)

Дыбыстау: «Ян-ян-ян — өзі қорқақ қоян»

Қорытынды сұрақ: Бұлар жабайы ма, әлде үй жануарлары ма?
Жауап: Жабайы жануарлар (жабайы аңдар).

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік

Негізгі сұрақтар

  • Аңдар қайда өмір сүреді? Орманда.
  • Аңдарды қайдан көруге болады? Аңдар саябағынан.

Жаттығу

Суреттегі жануарларды сандардың ретімен атап, бірге қайталау.

Ойын 1: «Ненің басы, ненің құйрығы?» (флипчарт)

Сәйкестендіру

Аңдар «жасырынып» қалады: балалар қай бөлік қай жануарға тиесілі екенін табады.

  • Түлкінің құйрығы
  • Пілдің тұмсығы
  • Қоянның құлағы

Ойын 2: «Жаңылма» (Путаница)

Тыңдау • Иә/Жоқ

Мұғалім жабайы жануарлардың атауын айтады. Егер дұрыс айтылса, балалар «иә» деп қол шапалақтайды; қате болса, «жоқ» деп аяқтарымен топылдатады.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар қоянның қимылын көрсетіп, мәтінді қайталайды.

Ойын 3: «Не бар, не жоқ?»

Есте сақтау

Балалардың алдына жабайы жануарлардың ойыншықтары қойылады. «Көздеріңді жұм!» дегенде мұғалім бір ойыншықты жасырады. «Көздеріңді аш!» дегенде балалар қай жануардың жоғалғанын және қандай ойыншықтар қалғанын айтады.

Қажет болса, интерактивті қалам арқылы экранда белгілеу жасалады.

3) Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау

Мұғалім балалармен еркін әңгіме жүргізіп, сабақтан алған әсерін тыңдайды және тақырыпты сұрақ-жауап арқылы бекітеді.

  • Бүгін не үйрендіңдер?
  • Оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Балалардың әрекеті

  • Жаңа сөздерді хормен қайталайды.
  • Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
  • Сабақ туралы пікірін айтады.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Жабайы жануарлардың атауларын дұрыс атайды.

Игереді

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді, жабайы аңдарды ажыратады.

Меңгереді

Қойылған сұрақтарды түсініп, толық жауап береді.