Мәтін бөліктері

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

«Абай атындағы орта мектебі» ММ

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Жайылханова Рая

Тақырып

Мәтіннің түрлері

Сабақтың мақсаты

  • Екінші сыныпта алған білімдерге сүйене отырып, мәтін туралы ұғымды кеңейту; мәтін түрлерін ажыратуға, пікір айтуға, өз ойын дәлелдеуге және қорытынды жасауға үйрету.

  • Жаттығулар арқылы ой-өрісті дамыту, шығармашылықпен және өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  • Еңбекқорлыққа тәрбиелеу; сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорды молайтуға ықпал ету.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең

Психологиялық дайындық

Оқушылармен жағымды көңіл күй қалыптастырып, сабаққа назар аударуға бағыттау.

II. Өткен сабақты қайталау

Ой қозғау

Қыркүйек айынан бастап оқылған «Дыбыс пен әріп» тарауы аяқталды. Сұрақтар арқылы тарауды қаншалықты меңгергендерін анықтау ұсынылады.

  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

  • Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  • Орыс тілінен енген сөздерде қандай әріптер кездеседі?

  • Қазақ тіліндегі дыбыстар қалай бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • «Телефон», «автобус», «экскаватор» сөздерімен ауызша сөйлем құраңдар.

  • Сөз неден құралады?

  • Сөйлем неден тұрады?

III. Операциялық-орындаушылық кезең

Мәтінмен жұмыс

Оқуға ұсынылатын мәтін (хат)

Қанаттың анасы — мұғалім. Ол да Қанат сияқты оқиды, жазады. Қанат үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады.

Қанат түнде оянып кетті. Қарсы бөлмеде шам жанып тұр. Қараса, анасы дәптерлерді тексеріп отыр екен. Сірә, шаршаған: көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.

«Тү-у, демалыс тезірек келсе екен. Анам демалар еді», — деп ойлады Қанат.

Талқылау сұрақтары

  • Не оқыдық? Хат мәтінге жата ма?

  • Оның мәтін екенін неден байқадыңдар?

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма?

  • Мәтіндегі сөйлемдердің өз орны бола ма? Неліктен?

  • Мәтін бөліктері қалай жазылады?

  • Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады?

  • Әр бөлік қандай әріптен басталып жазылады?

  • Автордың айтқысы келген негізгі ойы қандай?

Мәтіннің түрлері және бөліктері

Мәтін түрлері

  • Әңгімелеу
  • Сипаттау
  • Пайымдау

Мәтін бөліктері

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды

Үлгі: сипаттау мәтіні

Аққу — мойны ұзын, қауырсыны тығыз, жүні үлпілдек, әдемі құс. Қауырсынының түсі — ақ. Аққу көбіне жұбымен жүреді, жұптарын жазбайды. Сондықтан оларды атуға болмайды.

Талқылау: бұл мәтін қай түрге жатады?

4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

«Менің сүйікті ауылым» тақырыбына қысқаша мәтін құрастыр.

Құрастырған мәтініңнің қай түрге жататынын ауызша түсіндір.

Қолдау

Үлгерімі төмен оқушыларға қысқа мәтіндер оқытылып, жетекші сұрақтар арқылы жауап алынады.

Рефлексия және бағалау

Қорытындылау

Ережені толықтыр

  • Мәтін — өзара мағыналық байланыста айтылатын бірнеше сөйлем.

Бекіту сұрақтары

  • Мәтіннің түрлерін ата.

  • Әңгімелеу мәтіні қандай сұраққа жауап береді?

  • Сипаттау мәтіні қандай сұраққа жауап береді?

  • Пайымдау мәтіні қандай сұраққа жауап береді?

Үй тапсырмасы

«Мен ауылымды неліктен жақсы көремін?» тақырыбына қысқаша мәтін құрастырып, жазу. Ережені оқу.

Оқушылардың білімдері бағаланады.

Нәтиже: мәтін түрлерін ажырату, құрылымын түсіну