Пішіндерге байланысты жұмбақ

Сабақ туралы мәлімет

Аймақ, мектеп, сынып

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы
Еңбек негізгі мектебі
Мектепалды даярлық класы (МАД)

Тәрбиеші

Кулова Саламат Советқызы

Өтілетін күні: көрсетілмеген

Білім беру саласы

Таным

Оқу іс-әрекеті

Математика

Түрі

Қайталау сабағы

Тақырыбы

Геометриялық пішіндер (қайталау)

Негізгі көлемді денелер: шар, текше, конус, цилиндр.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

  • Көлемді денелер туралы түсінікті нақтылау (шар, текше, конус).
  • Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып, дұрыс атай білуге үйрету.
  • Пішіндердің өмірдегі қажеттілігін түсіндіру.
  • Қоршаған ортадан сәйкес пішіндегі заттарды табуға дағдыландыру.

Дамытушылығы

  • Есте сақтау қабілетін шыңдау.
  • Ой-өрісті дамыту және жетілдіру.
  • Сөздік қорды, тілдік қарым-қатынасты байыту.

Тәрбиелігі

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Сауаттылыққа баулу.
  • Шапшаңдыққа үйрету.

Құралдар мен әдіс-тәсілдер

Керекті құралдар

  • Геометриялық пішіндер
  • Суреттер
  • Көз байлауға арналған орамал
  • Таяқшалар

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Жұмбақ
  • Көрсету

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, көркем әдебиет.

Сабақ барысы

Ынталандыру, сезімдерін ояту

Бүгінгі математика сабағына қонақтар келді. Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, амандасайық.

Класта бүгін кезекші кім?

Ұйымдастыру, іздену

Бүгінгі сабақта алдыңғы сабақтарда үйренген геометриялық пішіндерді қайталаймыз. Математика әліппе дәптерімізді ашайық.

Қайталау тақырыбы: текше, шар, цилиндр. Сонымен бірге жалпы геометриялық пішіндерді ажырату және атау дағдыларын бекітеміз.

Дәптермен жұмыс: тапсырмалар

1-тапсырма

Жапсыру

Конус, цилиндр, шар, текше, тік төртбұрыш берілген. Осы пішіндерге ұқсас заттарды тауып, жапсырыңдар.

2-тапсырма

Өзгерт
  • Пішіндердің үлкендерін кішірейтіңдер, кішілерін үлкейтіңдер.
  • Түстерін өзгертіп бояңдар.
  • Нүктелердің санын көбейтіп немесе азайтып салыңдар.

3-тапсырма

Санау

Суретте не бейнеленген? Кішкентай пирамида нешеу? Үлкені нешеу? Сонда барлығы қанша болады?

Дұрыс жауапты дәптердегі торкөздерге жазайық.

4-тапсырма

Жазу

7 және 8 сандарын бастырып жазайық.

5-тапсырма

Көшіру

Пішіндерден құралған гүлді көшіріп саламыз.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Деміңді ішке тез ал да, Оң қолыңды соз алға. Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада. Сол қолың да бос тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын.

Жұмбақтар: пішіндерді тап

Жұмбақ 1

Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай,
Ой-өрісі кең болса —
Бұл қандай пішін?

Жұмбақ 2

Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз.
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз —
Бұл қандай пішін?

Жұмбақ 3

Емес бұл төртбұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұрыш —
Бұл қандай пішін?

Дидактикалық ойындар

Алған білімімізді бекіту үшін ойын ойнаймыз. Мақсаты — балалардың ойлау қабілетін дамыту.

«Ұқсас затты тап!»

Пішінге ұқсас заттарды қоршаған ортадан табу.

«Сипап сез!»

Көзді байлап, пішінді сипап анықтау.

«Қай пішін жоқ?»

Берілген қатардан жетіспейтін пішінді табу.

«Ұқсас пішінді тап!»

Бірдей немесе сәйкес пішіндерді жұптастыру.

Қорытындылау және мадақтау

Балалар, бүгінгі жұмыстарыңа ризамын. Геометриялық пішіндерден құралған жұлдызша таратылады.

Өмірде үлкен асулардан өтіңдер, болашақтарың әрқашан жұлдыздай жарқырап тұрсын.

Өзін-өзі бағалау: мінез-құлықты пішін арқылы тану

Тәрбиешілердің алдына шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш пішіндері қойылады. Әр адам таңдаған пішіні арқылы өзінің жан дүниесі мен мінез-құлқы туралы қысқаша сипаттама алады:

Шеңбер

Мейірімді адам.

Үшбұрыш

Көшбасшылық қасиеті бар адам.

Төртбұрыш

Еңбекқор адам.

Тік төртбұрыш

Білгіш, бірақ өзіне сенімсіздеу адам.

Тәмам болды осымен — ашық сабағымыз аяқталды. Қошемет пен сын-пікірлеріңізге рахмет. Сау-саламат болайық.