Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Щапов ЖОББМБ
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы
Білім беру ұйымы
Щапов ЖОББМ
Пән, сынып
Қазақ әдебиеті, 8-сынып
Тақырып
«Батыр Баян» поэмасы (қорытынды сабақ)
Мұғалім: Б. Тлеккабулова
Мақсат және күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы олардың іс-әрекеттеріне баға беру, поэмадағы көтерілген идеяны өмірмен байланыстыра отырып ой қорыту.
А деңгейі
Поэманың мазмұнын түсініп, басты кейіпкердің тарихи тұлға екенін біледі.
В деңгейі
Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, пайымдайды.
С деңгейі
Ақын көтерген мәселені өмірмен байланыстырып, қорытынды шығарады.
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім
-
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
-
Топқа бөлу.
-
Үй тапсырмасын тексеру: «Сұрақты тап» әдісі арқылы бекіту (бірнеше жауап нұсқасы ұсынылады; оқушылар қандай сұрақ қойылғанын анықтайды).
Тұсаукесер
-
АКТ қолдану: ғаламтордан «Батыр Баян» кинофильмінен үзінді көрсету.
-
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Негізгі бөлім: топтық жұмыс
Оқушылар Де Бононың «алты қалпағы» әдісі арқылы поэма кейіпкерлерінің әрекеттерін әр қырынан талдайды.
І топ · Ақ қалпақ
Фактілер
Жоңғар шапқыншылығы туралы ақпарат беру.
ІІ топ · Қызыл қалпақ
Түйсік, эмоция
Кейіпкерлердің іс-әрекеті маған қалай әсер етті?
ІІІ топ · Сары қалпақ
Позитив
Батыр Баян әрекетінің жағымды жақтарын анықтау.
IV топ · Қара қалпақ
Сын, әлсіз тұстар
Баян әрекетінің осал тұстарын талдау.
V топ · Көк қалпақ
Шолу, қорытынды
Әр кейіпкердің іс-әрекетіне баға беру, пікірді жинақтау.
Қолдау
«Мадақтау сэндвичі»
Пікір білдіруді мәдениетті түрде қалыптастыру: алдымен жетістік, кейін ұсыныс, соңында ынталандыру.
Жеке жұмыс: ой қорыту
Оқушылар кестені толтыра отырып, поэманы жеке қабылдауын нақты дәлелмен негіздейді.
1-сұрақ
Поэманың қай тарауы маған ерекше әсер етті? Неліктен?
2-сұрақ
Баянның әрекетімен мен келісе алмаймын, өйткені...
3-сұрақ
Поэманы оқи отырып, қандай қорытындыға келемін?
4-сұрақ
Ақын көтерген қандай мәселе менің болашақ өміріме қажет?
Негізгі екпін
Тарихи тұлға
Басты кейіпкердің тарихи контекстегі орны мен поэмадағы көркемдік бейнесін салыстыра қарастыру.
Әрекетке баға
Кейіпкер шешімдерінің себеп-салдарын талдап, жеке көзқарасты дәлелмен қорғау.
Өмірмен байланыс
Ақын көтерген мәселелерді бүгінгі құндылықтармен байланыстырып, сабақтан түйін жасау.