Жаны саудың несі сау
Сабақтың тақырыбы
Ұлт болам десең, ұрпақ саулығын ойла.
Мақсаты
Білімділік
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімін тереңдету; зиянды заттарды қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру; шылым шегу, нашақорлық, СПИД сияқты қауіп-қатерлер жөнінде ой қозғау; өмірге жауапты көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық
Жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру; зиянды заттардың ағзаға әсерін түсіндіру; өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау сезімін дамыту.
Тәрбиелік
Денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке және салауатты өмір салтына тәрбиелеу; құқықтық және адамгершілік тәрбие беру.
Көрнекіліктер
- Плакаттар
- Сөзжұмбақтар
- Төсбелгілер
- Газет көрмесі
- Бүктемелер жинағы
- Денсаулық туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер
ДЕНСАУЛЫҚ — күнделікті ұстаным
Бұл бөлімде «ДЕНСАУЛЫҚ» сөзінің әр әрпі өмір салтына қатысты маңызды қағидаларды білдіреді.
Д — Дұрыс дем алу
Тыныс алу мәдениеті — сергектіктің негізі.
Е — Ерінбеу керек
Қозғалыс пен еңбек — дағдыға айналсын.
Н — Ниеттену
Өзгеріс дұрыс ниеттен басталады.
С — Спортпен айналысу
Дене белсенділігі — денсаулықтың тірегі.
А — Ағзаны шынықтыру
Шынығу — төзімділік пен иммунитетті күшейтеді.
У — Уақытты дұрыс ұйымдастыру
Күн тәртібі — өнімділіктің кілті.
Л — Лайықты өмір сүру
Сапалы өмір — дұрыс таңдаудан құралады.
Ы — Ынта-ықылас алға жетелейді
Мақсат пен жігер — тұрақтылық береді.
Қ — Қозғалыс ағзаны шынықтырады
Қарапайым серуеннің өзі денсаулыққа пайдалы.
Сайыстың барысы
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бақыт дегеніміз — денсаулық» тақырыбындағы «Сиқырлы қазан» сайысына қош келдіңіздер!
Армысыздар, болашақтың бастауы — балғын шақтағы балалар! Келіңдер, бір-біріңе демеу болып, біліміңді сынап, ойынға қатысып көріңдер!
Қатысушы топтар
- «Салауат» тобы
- «Тазалық» тобы
- «Денсаулық» тобы
Әділқазылар алқасы
Білімді саралап, төрелігін айтатын, әділ баға беретін қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Сайыс шарттары
- 1«Сәлем берем халқыма» — топты таныстыру.
- 2«Кім көп біледі?» — мақал-мәтелдің жалғасын табу.
- 3«Кім тапқыр?» — сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.
- 4«Ол кім? Ол не?» — танымдық ойын.
- 5Көрініс.
- 6Өз өнері (би, ән, көркем сөз, әңгіме).
- 7Сөзжұмбақ шешу (денсаулық, тазалық, салауат тақырыбында).
І бөлім: «Сәлем берем халқыма»
Әр топ өз атауын, ұранын, төсбелгісін және дайындаған материалдарын таныстырады.
1-топ: «Салауат»
Ұран: «Біз салауатты өмір сүреміз!»
Салауаттылық — сергек те, таза жүру — өмірде; адамзаттық келбетке дақ түсірмеу — тегінде. Салауатты салтты ұғып, дұрыс жолды таңда. Спортпен жаттығып, денеңді шынықтыр.
Іс-әрекет пен жақсы әдетті әрқайсың игер; мінезбен қабыстырсаң, тағдырың гүлденеді. Салауатты мақсат — дұрыс өмір сүру, өмір мәнін түсіну. Сақтанып, өзіңді тый; ақылмен әрекет ет.
2-топ: «Тазалық»
Ұран: «Тәні саудың — жаны сау»
Төсбелгі сипаттамасы: аспан түстес көк рең, ортасында медициналық көмек белгісі. Бұл — адам әрдайым өз денсаулығын сақтауы қажет деген ойды білдіреді. Сонымен қатар ақ халат киген жандар бейнесі берілген.
Тазалықты табиғаттан алғандаймыз: дарқан даладан, ерке желден, көгілдір көлден.
3-топ: «Денсаулық»
Ұран: «Бірінші байлық — денсаулық»
Төсбелгі сипаттамасы: жасыл түсті көк шөп пен табиғат көрінісі. Адам — тіршілікті игеруші әрі құрушы болғандықтан, белгіде адам бейнесі алынған. Сондықтан адамның денсаулығын сақтау — басты міндет.
Денсаулық — шыныққан дене мүшелері; тыныққан жүйке мен тамыр жүйесі. Денсаулық — көңіл-күйдің жадырауы, ауырмай еркін жүру.
ІІ бөлім: «Кім көп біледі?»
Мақал-мәтелдер — ұлттың ой қазынасы. Бұл бөлімде үш топ мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын ашады.
ІІІ бөлім: «Кім тапқыр?»
Жылдамдық пен алғырлық сыналатын кезең: сұрақ-жауап және жұмбақ шешу.
IV бөлім: «Ол кім? Ол не?»
Танымдық ойын: оқушылардың білім көкжиегі кеңейіп, нақты әрі дәл жауап беру дағдысы қалыптасады.
Көрініс: «Зиянды әдеттер планетасы»
Адам
Уһ, жаным-ай! Енді қайда барсам екен? Қай жерде жаным рақат табады? Не істесем екен?
Арақ
Мен мөлдірмін. Мені ішсең рақаттанасың. Көңіл-күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Дос болсаң, қайғыруды ұмытасың.
Оқушы
Тоқта! Спиртті ішімдіктер адам ағзасын ірітіп-шірітетін зиянды заттар. Құрамында улы қоспалар көп: ағзаны улайды, соңы өлімге апаруы мүмкін.
Темекі
Мен сымбаттымын, әдемімін. Иісім де жағымды. Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел!
Оқушы
Тоқта! Темекі шегу — кең таралған зиянды әдет. Ол адам ағзасын іштен жейтін құрт сияқты. Әрбір тартылған темекі өмірді бірнеше минутқа қысқартады. Темекі құрамындағы шайыр (смола) өкпеде жиналып, денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Есірткі
Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты — мен. Мені қолдансаң күш-жігерің артып, көңіл-күйің көтеріледі. Мен сені ешқашан тастамаймын. Кел, менімен дос бол.
Оқушы
Тоқта! Есірткі түрлері көбейген сайын қауіп те артып келеді. Нашақорлық — болашақты тұйықтайтын жол. Есірткі — адам ағзасын улайтын ең күшті улы заттардың бірі.
«Денсаулық» планетасының тұрғыны
Ей, жауыздар! Сырты жылтыр, іші қотыр! Кетіңдер! Босқа ерікпеңдер. Менің қасымда жүрсең — адам боласың: денеңді шынықтырып, гимнастика жасайсың. Таңертең салқын сумен шомылу — менің күнделікті әдетім.
Балалар, мен кіммін? Салауатты адам
Адам ең алдымен денсаулыққа көңіл бөлуі керек.
V бөлім: Тақырыптық көріністер
Ғасыр дертіне айналған темекі, ішімдік және есірткі туралы оқушылар дайындаған шағын көріністер көрсетіледі.
- 1-топ: «Зиянды әдеттер планетасы»
- 2-топ: «Есірткіден аулақ бол»
- 3-топ: «Дұрыс тамақтану»
VI бөлім: Өз өнері
Үш топ кезекпен ортаға шығып, өнерлерін көрсетеді: ән, би, көркем сөз немесе шағын әңгіме.
VII бөлім: Сөзжұмбақ
Денсаулық, тазалық және салауат тақырыптарына арналған сөзжұмбақтар арқылы білім бекітіледі.
1-топ: «Салауат»
- 1.Адамның басты байлығы — денсаулық.
- 2.Дені сау адамның көңілі — ақжарқын.
- 3.Салауатты өмірдің салтын сақтау керек.
- 4.Деніміз сау болуы үшін пайдалы тағам тұтыну керек.
- 5.Сау денеде салауатты рух болады.
- 6.Асқар тауда қалың орман, кейде оны шөптей орам — шаш.
- 7.Жаны саудың тәні сау.
Жауап сөзі: САЛАУАТ
2-топ: «Тазалық»
- 1.Тіс тазалығы мен саулығын сақтайды — паста.
- 2.Көз ашытса да, жуынғанда керек — сабын.
- 3.Гигиенаны сақтау үшін — тазалық керек.
- 4.… қара, шашыңды тара — айнаға.
- 5.Салауатты өмір — салт.
- 6.Тәні саудың — жаны сау.
- 7.Денсаулық — зор байлық.
Жауап сөзі: ТАЗАЛЫҚ
3-топ: «Денсаулық»
- 1.Дені саудың — жаны сау.
- 2.Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды.
- 3.Ер — қанаты ат.
- 4.Ауру — астан.
- 5.Жаман үйді қонағы билейді.
- 6.Ауруын жасырғанды — өлім әшкерелейді.
- 7.Балық басынан шіриді.
- 8.Ырыс алды — ынтымақ.
- 9.Басқа түскен — баспақшыл.
Жауап сөзі: ДЕНСАУЛЫҚ
Қорытынды ой
Өмірлік ұстаным
- Дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеуді дағдыға айналдыру.
- Ішімдік ішпеу, шылым шекпеу.
- Денені шынықтыру, күн тәртібін сақтау.
- Есірткіге еліктемеу, ерінбей еңбек ету.
- Бәрінен бұрын — салауатты өмір салтын ұстану.
Денсаулықты сақта — түзу өсесің. Дерт шалса, күннің өзі тұманданады. Жаман әдет қасіретке жетелейді, ал өзіңді сақтау — жақсылыққа бастайды.
«Ұлт болам десең, ұрпақ саулығын ойла» атты танымдық сайыс аяқталды.