Өткенді еске түсіру
ШҚО, Бородулиха ауданы, «Коростели ОМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Молдабекова Г.С.
Пән
Дүниетану
Сабақ тақырыбы
Теңіз әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты
- Саяхат барысында теңізде өмір сүретін жануарлар туралы қысқаша мағлұмат алу.
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.
- Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Саяхат сабақ
Әдістер
Көрнекілік, сұрақ-жауап, викторина
Көрнекіліктер
Суреттер, ойын элементтері, сөзжұмбақ, ребус
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Міне, сынып тып-тыныш,
Естілмейді түк дыбыс.
Мұны біз де қостаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Дүниетану жайында,
Саяхатты бастаймыз!
II. Өткенді еске түсіру
Өткен материалды еске түсіру үшін оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Тест 2 нұсқадан тұрады, әр нұсқада 10 сұрақ беріледі.
Тест тапсырмасы
1-нұсқа-
Адамның денесіне нелер жатады?
- а) бас, мойын, кеуде, қол және аяқ
- ә) ми, өкпе, мойын, кеуде
- б) жүрек, бауыр, бүйрек
-
Адам денесінде қанша сүйек бар?
- а) 200-ге жуық
- ә) 100-ге жуық
- б) мүлдем болмайды
-
Ас қорыту мүшелері дегеніміз не?
- а) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек
- ә) мұрын, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе
- б) бас, мойын, құлақ
-
Құлақ адамға ........ қажет.
- а) кітап оқуға
- ә) әңгіме тыңдауға
- б) тепе-теңдікті сақтауға
-
Жауын-шашын түріне нелер жатады?
- а) бұлт
- ә) бұршақ
- б) тұман
-
Судың үш түрлі күйі:
- а) мөлдір, сұйық, түссіз
- ә) сұйық, қатты, газ
- б) ерігіш, қатты, жылы
-
Тығыз тау жыныстары:
- а) алтын, мұнай
- ә) гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір
- б) топырақ
-
Сирек және құрып кету қаупі бар жануарлар:
- а) тіл жөніндегі заңда
- ә) оқулықта
- б) Қызыл кітапқа енген
-
Балықтар немен тыныстайды?
- а) өкпесімен
- ә) желбезегімен
- б) қанатымен
-
Тұсаукесер дегеніміз не?
- а) салт-дәстүр
- ә) ертегі
- б) ойын
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтеді. Саяхатқа шықпас бұрын, теңіз туралы не білетіндеріңді ортаға салыңдар: теңізде қандай жануарлар мекен етеді?
Талқылау сұрақтары
- Теңізде қандай жануарлар мекен етеді?
- Саяхат барысында олардан қандай тапсырмалар күтуге болады?
Бұл теңіз тұрғындары жолымызда кездесіп, әртүрлі тапсырмалар ұсынады. Тапсырмаларды дұрыс орындасақ, қазына жасырылған аралға бір қадам жақындай түсеміз.
Саяхатқа дайындық
Теңізге саяхатқа шығу үшін бізге не керек? (Кеме.)
Кеменің құрылысын еске түсірейік: штурвал, зәкір, желкен.
Ендеше, кемемізге мініп, сапарға аттанайық.
1-кезең
Дельфин тапсырмасы (жалғасы келесі бөлімде).