Word Pad мәтіндік редакторы
Информатика (7-сынып)
Сабақ тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін теру ережелері.
Сабақ түрі
Сайыс және аралас сабақ
Көрнекіліктер
Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, таратпалар
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру, мәтін теру ережелерін меңгерту.
Тәрбиелік
Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Мәтіндік редактор туралы түсінік беру арқылы ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың өту барысы
-
1
Оқушыларды ұйымдастыру.
-
2
«Үйдегі білімділер»: өткен тақырыптар бойынша мұғалім таңдаған сұрақтар қойылады.
-
3
«Қанша тілді білесің?»: екі топ бір-біріне сұрақ қояды, жауапты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде береді.
-
4
Жаңа сабақты түсіндіру.
-
5
Тапсырмаларды орындау.
-
6
Сабақты бекіту.
-
7
Үй тапсырмасын беру.
Сайыс бөлімдері
1-сайыс: «Үйдегі білімділер»
Өткен тақырыптарды қайталау
- 1. Компьютер құрылғыларына нелер жатады?
- 2. Аты бар байттар тізбегі дегеніміз не?
- 3. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған?
- 4. Компакт-диск оқу құрылғысы қалай аталады?
- 5. Ақпараттың өлшем бірлігі қандай?
- 6. Бір килобайт неше байтқа тең?
- 7. Кесте дегеніміз не?
- 8. Бұл құрал Ресейде XVI–XVII ғасырларда пайда болған. Ол қандай құрал?
- 9. Монитордың қызметі қандай?
- 10. Бит дегеніміз не?
2-сайыс: «Қанша тілді білесің?»
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру
Екі топ бір-біріне өткен сабақтар бойынша сұрақ қояды. Әр жауап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
4-сайыс: Мәтінмен жұмыс (таратпа)
Оқушыларға таратпа беріледі. Әр топ адам бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттайтын мәтін құрастырып, оны дауыстап оқиды, мағынасын түсіндіреді және компьютерде теріп орындайды.
Тақырыптар
- Адам бойындағы адамгершілік қасиеттері
- Амандасу салты
5-сайыс: Техникалық диктант
Екі топқа карточкалар таратылады. Оқушылар бос орындарға қажетті сөздерді жазып толықтырады.
Мәтін
WordPad — ____________ редактор. Мәтінді ____________ көмегімен теруге болады. WordPad бағдарламасының құжатын бірінші рет сақтау үшін, ____________ мәзірінен ____________ командасын таңдау керек. Пішімдеу дегеніміз: әріптің ____________ таңдау, мәтінді оң жақ, сол жақ және орта бойынша ____________. Жұмыс аймағында ____________ нүктесі және ____________ орналасады. Мәтін ____________ енгізіледі.
«Ұшқыр ой» ойыны
Тақтада «Аңдар жарысы» ертегісінің суреті көрсетіледі. Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрап, мәтінді компьютерде теріп орындайды.
Жаңа сабақты түсіндіру: WordPad
WordPad — қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға арналған редактор. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға және әртүрлі қаріптерді қолдануға болады.
Іске қосу жолы
Пуск → Программы → Стандартные → WordPad (Жіберу → Бағдарламалар → Стандартты → WordPad)
Терезе элементтері
- Тақырып жолағы
- Мәзір жолағы
- Құрал-саймандар тақтасы
- Пішімдеу тақтасы
- Сызғыш
- Жұмыс аймағы
Терезенің негізгі бөлігін жұмыс аймағы алады — мәтін осы жерге енгізіледі.
Меңзерлер (курсорлар)
- Кірістіру нүктесі — жыпылықтап тұратын тік сызықша.
- I-меңзері — жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның I әрпі түрінде көрінеді.
Мәтінді пішімдеу
Мәтінмен жұмыс істегенде таңбалардың түрін өзгертуге болады: жартылай қалың, курсив, асты сызылған. Бұл әрекеттер мәтінді пішімдеу деп аталады.
WordPad-та мәтін үзінділерін маус арқылы көшіруге және жылжытуға, сондай-ақ мәзір командалары арқылы да орындауға болады.
Құжатты сақтау
Құжатты алғаш рет сақтау үшін Файл мәзірінен «Сохранить как…» командасын таңдаңыз. Ашылған терезеде «Имя файла» өрісіне файл атауын енгізіңіз.
Қорытынды және бағалау
Сабақ соңында оқушылардың түсінбеген тұстары сұралады. «Үйренген — ғалым, сұрамаған — өзіне залым» қағидасын негізге алып, сұрақ-жауап арқылы сабақ қорытындыланады.
Үй тапсырмасы
«WordPad — ертегі әлемінде» тақырыбында шағын шығарма жазу.
- Мәтінді теру
- Пішімдеу (қаріп, абзац, туралау және т.б.)
- Файлды сақтау
- Көлемі: 1 беттен аспасын