Құстар Қыздар тобы
Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер тілашар тойына қош келдіңіздер. Алдарыңыздағы балалар күзде ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Бүгін олардың бойы да, ойы да өсіп, даярлықта білім алып, бастауыш сыныпқа қадам басқалы тұр.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» дей отырып, мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Бүлдіршіндер ортада — таланттарын табайық: қайсысы күйші, кім биші — талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр — талаптарын ашайық.
Монтаж: оқушылардың өлең жолдары
Айдана
Хош келдің, бүлдіршін, күліп шыққан алдыңнан.
Ұстазыңмен алғаш рет бірге асасың сан қырдан.
Темірлан
Асқар анау аталар, ардақты аналар!
Ұрпақтарың тағы бір — енді шәкірт аталар.
Арқама сөмке асынып, мектепке барамын,
Мектепке барам асыға — мектепке барамын.
Дана
Омырауда қуаныш — мен бүлдіршін баламын.
Енді жайнап нұр жүзім, мен оқушы боламын.
Ерболат
Тындырамын әр істі — еңбек сүйгіш баламын.
Жаным сүйген жарыста жалынды жас боламын.
Ерасыл
Мектепке енді барамыз, біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламыз.
Досжан
Алты жасқа толған біздей баланы мектеп — ана құшағына алады.
Ата-ана, қуаныңыз шаттанып: шәкірт болды биыл міне балаңыз.
Дана
Мектеп — қамқор анамыз, оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін — біз оқушы боламыз.
Дильназ
Білімнің қайнар бұлағы, өнердің жарық шырағы —
Тұрағы өзің, мектебім, шәкірттің асыл қырағы.
Ернұр
Мектебім — мәңгі бапкерім, қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды ақтаймыз талай әлі біз.
Алан
Даярлығым — балбұлағым, алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып, рахметімді жаудырамын.
Аяулым
Даярлығым — балбұлағым, лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен самғап ұшты тау қыраның.
Рамиз
Алғаш рет өзіңнен білім алды балалар!
Оқу сырын өзіңнен біліп алды балалар!
Жамила
Жастың өсті санасы, елжірейді жүрегі.
Даярлыққа барған бала алғыс айтып жүреді.
Өнер көрсетілімдері
Би
Байназарова Анельдің орындауында домбыра биі.
Қуыршақ театры
«Бауырсақ» ертегісі.
Би
Нұрбекова Дильназдың орындауында шығыс биі.
Ертегі
«Мақта қыз бен мысық».
Әріптер әлемі
Жүргізуші
Барлық әріп бағалы — айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды, буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті ардақтайды, қолдайды.
Дана
«А» дегенің — ана ғой, ана деген — дана ғой.
Меруерт
Әжем әнге басады, әтеш ұйқы ашады.
Әли
«Б» дегенің — бала ғой, жұмсаса апаң бара ғой.
Досжан
«Гу-гу» деп алғаш бөбектер гуілдейді ақырын.
Ерасыл
Ғалым, ғылым, ғасырды «Ғ» білімге асырды.
Сандар сөйлейді
Диана (1)
Мені келсе білгің — мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап, ең басында тұрамын.
Сатжан (2)
Бірден кейін тұрамын — бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда мен шығамын, шырағым.
Баян (3)
Екіден соң әрқашан үш саны мен тұрамын.
Орныма барамын — екі айшық саламын.
Мағжан (4)
Үш сызықтан таяғым — оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы — төрт түліктің аяғы.
Айша (5)
Төрттен кейін — бесті, білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын — оңай табасың бесті.