Бүгінгі байқаудың жүргізушілері

Кештің таныстырылымы

«Ажарлы күз арулары» атты мерекелік байқауға қош келдіңіздер! Алтын күз әр шаңыраққа шуақ шашып, береке мен бірлік әкелсін.

Жүргізушілер

  • Умирзакова Жанар — «Ақжелкен» тобының тәрбиешісі
  • Атамбаева Елмира — «Айгөлек» тобының тәрбиешісі

Ізгі тілек

Алтын күз бізге шуақ шашсын, көңілдің күйін ашсын. Бақ пен шаттық қатар қонып, береке бірлікпен ортақтассын.

Құттықтау сөз

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Тастанбеков Қ. Т. мырзаға беріледі.

Ашылу қойылымдары

Өнерпаздарымыз ән мен биден шашу шашып, мерекенің шымылдығын ашады.

Ән

«Күзгі құбылыс» — Алихан Аяла орындауында.

Би

«Күзгі ханзадалар мен ханшайымдар» вальсі — «Ақжелкен» тобы.

Би

«Саңырауқұлақтар» биі — «Айгөлек» тобының ұлдары.

Қатысушылар

Жұптарымызды қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі байқауда ана мен қыз жұптары өнерлерін, шеберлігін және күзгі сәнін көрсетеді.

1-жұп

Анасы Махамбетова Эльвира және Рамазанқызы Жанель.

2-жұп

Анасы Барышева Ардақ және Төлеген Арайлым.

3-жұп

Анасы Каженова Жадыра және Ануар Еркеназ.

4-жұп

Анасы Мухамадиева Назгүл және Берікқызы Даяна.

5-жұп

Анасы Абуова Самал және Қайратбек Жанерке.

6-жұп

Анасы Чаева Жұлдыз және Арманқызы Анель.

7-жұп

Анасы Омарова Маржан және Рақымғазы Айару.

Қазылар алқасы

Байқаудың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысамыз:

  • Мектебіміздің кітапханашысы
  • Мектебіміздің психологы

Байқау бөлімдері

«Көбейеді құт-береке, астық толы қамбамыз» — алтын күз мерекесіне арналған сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

1-бөлім

Таныстыру

2-бөлім

Шығармашылық өнер

3-бөлім

Күздік сән үлгісі

4-бөлім

Үй тапсырмасы: «Күз сыйы»

Жүргізушілер сұрақтары

Қатысушыларға қойылатын сұрақтар арқылы олардың көңіл күйі мен дайындығын білеміз.

  1. 1 Бүгінгі сайысқа дайынсыз ба? Қобалжу бар ма?
  2. 2 Құпия болмаса, қандай өнеріңізбен көрерменді тәнті етпексіз?
  3. 3 Көңіл күйің қалай, балақай?
  4. 4 Сайысқа қатысушыларға және өзіңізге не тілер едіңіз?

Баршаңызға сәттілік! Қатысушыларға сахна сыртына шығып, дайындалуға рұқсат беріледі.

Өнер бағдарламасы

«Шалқытып Алтын күзде ән салайық, өнерпаз өрендерге тамсанайық» — әр бөлім сайын көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын нөмірлер ұсынылады.

Би

«Қолшатыр» биі — «Айгөлек» тобының биші қыздары орындауында.

Ән

«Ертегілер» әні — Керімтаева Еркеназ орындауында.

Тақпақтар

«Айгөлек» тобының мәнерлеп оқитын тақпақтарын тамашалаңыздар.

Үй тапсырмасы: «Күз сыйы»

Бұл бөлімде қатысушылар үйден дайындап әкелген тағамдарын таныстырады. «Ақтарады мырза күз уылжыған жемісін — күзге біз де ризамыз, аянбаған ел үшін».

Қорытынды және марапаттау

Әділ бағалау

«Жеңістер мен жеңілістен тұратын өмір — күрес. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеңдер: қатысудың өзі — бір жеңіс». Қазылар алқасы қорытынды жасау үшін ортаға шақырылады.

Тілек

Өнерлеріңіз өрлей берсін, талмай ізденіңіздер. Жеңіспен құттықтаймыз!

Кештің жабылуы

«Қош болыңыздар, көріскенше!» — осымен «Ажарлы күз арулары» байқауы аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет!

Аягөз қаласы №4 мектеп шағын орталығының тәрбиешісі: Атамбаева Елмира Победовна