Оқушылардан түсінгендерін сұрау
Сабақтың тақырыбы
Қабыш Жәркенов — «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» әңгімесін түсініп оқуға, мазмұндап айтуға үйрету; әңгіменің өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық
Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
Пәнді, мұғалімді және бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі
Тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Психологиялық дайындық
Қысқа сергіту
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.
— Жарайсыңдар, балалар!
3) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта «Үлек» тақырыбын өттік. Ендеше, үй жұмысын кім айтады? Оқушылардан мәтін бойынша түсінгендерін сұрау.
Сұрақтар
- Үлек дегеніміз не?
- Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда және не үшін барды?
- Балалар неден және неге қатты қорықты?
- Егер Мүлкібай ата бармаған болса, не болар еді?
- Портрет дегеніміз не?
— Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер. Ендеше, жаңа сабағымызды бастайық.
4) Жаңа сабақ
Бүгінгі тақырыбымыз — Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімесі. Бұл шығарма арқылы Есім есімді баланың сабақты қалай үйренгенін және атасының айтқан өнегелі сөзінің мәнін түсінеміз.
5) Автор туралы мәлімет
- Туған жылы, жері
- 1933 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Түркістанда дүниеге келген.
- Білімі
- Педагогикалық училищені бітірген. 1963 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін тәмамдаған.
- Өмір жолы
- 1955 жылы атамекеніне оралып, көп жыл ауылда ұстаздық қызмет атқарған.
- Шығармалары
- Балаларға арналған «Мінезді аға», «Айналайын», «Көңілді жаз» және басқа да кітаптары бар. 1999 жылы «Мұғалімдер» романы жарық көрген.
Әдіскер
Жахметова Б. К.