Балаңыз отбасында кімнің баласы
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Аққайың» ясли-бақшасының І санатты тәрбиешісі Ахметова Алмагүл Мұхабдинқызы.
Мақсаты
- Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін түсіндіру.
- Отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
- Баланың мінез-құлқын, бейімін, қызығушылығын, мүмкіндігін тереңірек зерттеу.
- Ата-анаға деген баланың сүйіспеншілігін ояту.
- Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Үлкенді сыйлауға, сыпайы әрі ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Тәрбиеші пікірі: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының гүлдеп-жайнаған жемісі. Ал біз күнделікті жұмысбастылықпен балаларымыздың іс-әрекетіне, мінез-құлқына, қызығушылығы мен бейіміне, көңіл күйіне жеткілікті назар аударып жүрміз бе? Балаларымыз қалай өсіп келеді?
Қатысушылар
Бұл бас қосу әдеттегі іс-шаралардан өзгеше: ата-аналар бір сәт балалық шаққа оралып, баланың көзқарасымен ойлануға мүмкіндік алады. Сондай-ақ балаңызды бұрын байқамаған қырынан тануыңыз мүмкін.
-
1) Көптілеуовтер отбасы
-
2) Смағұловтар отбасы
-
3) Тілекқабылдар отбасы
I кезең: «Менің балам»
Бұл кезеңде ата-аналар өз баласын шын жүректен мақтап, оның сүйкімді қылықтары, мінезіндегі және сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Әр сөз «Менің балам…» деп басталады.
- 1) Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Айнала аппақ. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- 2) Балалар далада бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр. Шанамен сырғанап, мұз үстінде коньки теуіп жүр.
- 3) Далада қар жауып тұр. Балалар қысты жақсы көреді. Қардан аққала жасап жатыр.
Әңгімелерден ата-аналардың өз баласын өзгемен шатастырмайтыны анық байқалды. Кейін ата-аналарға шағын «емтихан» ұсынылды: бейнетаспада билеп жүрген балалардың ішінен өз баласын дәл тауып айту.
II кезең: «Жедел тест»
Бұл бөлімде алғашқы екі сұраққа балалардың жауаптары алдын ала алынады. Ал ата-аналар дәл сол сұрақтарға көп ойланбай, жедел жауап береді. Үшінші сұрақ тек ата-аналарға арналған: өз ойларын білдіруге мүмкіндік беріледі.
-
1) Балаңыздың ең сүйікті асы?а) Жарма ботқасы ә) Сорпа б) Қуырылған картоп
-
2) Балаңызды қалай еркелетесіз?а) Қошақаным ә) Ботақаным б) Еркетайым
-
3) Сурет бойынша өлеңді толықтырыңыз:Шанамен зырлап келетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?Жауап: Қыс
-
1) Балаңыз отбасында кімнің баласы?а) Атасы мен әжесінің ә) Әкесінің б) Анасының
-
2) Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы?а) Машина ә) Қуыршақ б) Құрастыру ойыншығы
-
3) Сурет бойынша өлеңді толықтырыңыз.Тапсырма ауызша орындалады.
-
1) Балаңыз қандай мультфильмді қызыға тамашалайды?а) Том және Тышқан ә) Маша мен Аю б) Алдар Көсе
-
2) Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңыз қандай?Нұсқалар: а) Қуыршақ ә) Торғай б) ҚолғапЖоғалттым қолғабымды,
Тыз-тыз етті қолдарым.
Сорып аяз тастады,
Естен кетпес тоңғаным.
Қолғаптық жіп шығарып,
Тоқыды әжем шие алып.
Мен отырмын ұяттан,
Тоңғандай боп қызарып. -
3) Сурет бойынша өлеңді толықтырыңыз:Күн жылынады,
Қар ериді,
Гүлдер өсіп шығады.
Құстар ұшып келеді,
Бұл қай кезде болады?Жауап: Көктем
Тренинг: «Ағаштың қай бөлігі болар едіңіз?»
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дегендей, адам табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы маңызды нысандардың бірі — ағаш. Ендеше, сіз ағаштың қай бөлігі болар едіңіз?
Нәтижеге мән беретін, мақсатқа ұмтылатын адамдар.
Беріктігімен ерекшеленетін, өзгеге тірек бола алатын адамдар.
Әсемдік пен ұқыптылықты бағалайтын, нәзік үйлесімді қалайтын адамдар.
Әр отбасыдан бір адам өз таңдауын қорғап, не үшін тамырды, діңді немесе жапырақты таңдағанын түсіндіреді. Одан кейін барлығы бірігіп тақтаға ағаштың суретін құрастырады: әркім өз бөлігін (тамыр/дің/жапырақ) қосып салады.
Бұл таңдау кездейсоқ емес — ол белгілі бір психологиялық сәйкестікті білдіреді.
Кезең: «Бала тілі — бал»
Балалардың тұлғалық қалыптасуын терең түсіну үшін олардың ойлау ерекшелігін, тілін, логикасын тыңдау маңызды. Бұл кезеңде бүлдіршіндер жұмбақ жасырады, ал ата-аналар шешуін табады.
-
Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі.Жауабы: Бес саусақ
-
Көңіл күйді білдірер, қиылған қос қанат. Ол не?Жауабы: Қас
-
Таңертең төрт аяқпен, түсте екі аяқпен, кешке үш аяқпен жүреді.Жауабы: Адамның өмірі
-
Балаға жанашыр, мейірімді, жаны асыл. Ол кім?Жауабы: Тәрбиеші
-
Кіп-кішкене қараша, тұрған жері тамаша. Бір-ақ сәтте жер-көкті алады шарлап қараса.Жауабы: Көз
-
Пешсіз піскен, ыдыссыз ішкен.Жауабы: Ананың сүті
Кеңес: баланың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту үшін күнделікті әңгімелесіп, жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтарды жиі жаттатуға болады.
Кезең: «Ертегі айту өнері»
Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Бұл кезеңде ата-аналардың ертегі айтудағы шеберлігі байқалады: кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп, қимыл-әрекетін әртістерше сомдауға мүмкіндік беріледі.
Қорытынды: «Ағаш және тілек»
Бүгінгі бас қосуымыз мәресіне жақындады. Өздеріңіз құрастырған ағаш суреті — ортақ еңбектің белгісі. Тамыры нәр алып, діңі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса, ағаш жеміс береді.
Ата-аналар себеттен «алма» алып, әрқайсысы өз баласына арнап жылы тілек жазады да, ағашқа іледі — осылайша ағаштың «жемісі» көрінеді.
- Тамыры
- ата-ана
- Діңі
- тәрбиеші
- Жапырағы
- балаларымыз
Жақсы тілектер періштенің құлағына шалынсын. Бүгін алдымызда ойнап жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңі жарқын болсын.
Бас қосу соңында пікір білдіру үшін балабақшамыздың әдіскері Тоғжан Көшербайқызына сөз беріледі. Соңынан мадақтау жүргізіледі.