Мирасқа хат жаз
Сабақтың мақсаты
1) Оқу және түсіну
- Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету
- Мазмұны бойынша түсіндіру және жіктеу
- Тірек сөздер арқылы әңгіме құрастыру
2) Тіл дамыту
- Ой-өрісті кеңейту
- Сөйлеу мәдениетін дамыту
- Сөздік қорды молайту
3) Тәрбиелік бағыт
- Адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу
- Біреудің затын алмауға дағдыландыру
- Өтірік айтпау, ұяттан сабақ алу
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгендеу және көңіл күйді көтеру
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сабағымызды бастайық,
Жақсылыққа ұмтылайық!
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Бағалау парағын тарату, бағалау мақсатын түсіндіру
- Үй тапсырмасын «қосжазба күнделігі» арқылы сұрау («Әскербектің әтеші»)
1-топ
Әскербекке хат жазу
2-топ
Әскербекке мінездеме жазу
Семантикалық картамен жұмыс.
II. Негізгі бөлім
Қызығушылықты ояту
1) Жұмбақ
Ұнатары баланың —
Балдай тәтті тағаммын.
Ортаңғы буын алынса,
Сүйеніш боп қаламын.
Жауабы: Балмұздақ
Ой тастау
«Мирас балмұздақтан неліктен бас тартты?» — себебін бірге талқылаймыз.
Мағынаны ашу (сұрақ-жауап)
- Менің қолымда не? — Ақша
- Ақша адамға қалай келеді?
Автор туралы қысқаша мәлімет
Ермек Өтетілеуұлы (Өтетілеуов) 1938 жылы 1 қаңтарда қазіргі Астана қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне түсіп, кейін орыс тілі мен әдебиеті мамандығын меңгерген. «Шамшырақ нұры», «Балдырған», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарған. «Өсіп келе жатырмыз» атты өлеңдер жинағы, «Жанашыр» атты әңгімелер жинағы және басқа да еңбектері бар.
Мәтінмен жұмыс
- Әңгімені мұғалім мәнерлеп оқиды
- Оқушылар тізбектей оқып, мағынасы түсіндіріледі
Сұрақ-жауап
- Балалар не тауып алды?
- Мирас не істеді?
- Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?
- Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?
Ой қозғау
Әңгімені өз ойыңмен аяқта: «Мирастың балмұздақтан неліктен безгенін сен қалай түсіндіресің?»
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі.
Топтық тапсырмалар (жазба жұмысы)
I топ
Мирасқа хат жазу
II топ
Мираспен Алмасты салыстыру (Венн диаграммасы)
Қосымша тапсырма
- Ақшаны сипаттау
- Мирастың көңіл күйін суреттеу
- Әңгімеден балалардың Мирастың іс-әрекетіне таң қалған тұсын тауып, мәнерлеп оқу
Сабақты бекіту
Әңгіменің басында
Жексенбі күні балалар аулада ойнап жүрді. Сол кезде қастарынан сөмке ұстаған бір ағай өтіп бара жатып, қалтасынан көк қағаздарды түсіріп алды.
Әңгіменің ортасында
Балалар қағаздарды теріп алып, ағайға қайтарып берді. Бұл кезде Мирас үйіне қайтып кеткен еді. Ағай балаларға алғысын айтып, балмұздақ сатып әперді.
Әңгіменің соңында
Кезек Мирасқа келгенде, ол балмұздақтан бас тартты. Себебі өзі тауып алған көк қағаздарды иесіне қайтармаған еді. Бұл ісіне қатты ұялып, өз қателігін түсінді.
III. Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
1-топ
Эссе жазу
2-топ
Балмұздаққа қатысты шағын өлең жолдарын құрастыру
Бағалау және мадақтау
Бағалау парағы бойынша нәтижені қорытындылау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Тақырып: «Балмұздақ» — Ермек Өтетілеуұлы