Өлең сұрақтарына жауап алу
Сабақтың тақырыбы
Өзен (Ыбырай Алтынсарин)
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: автор туралы кеңірек мәлімет беру; өлең мазмұнын ашу, негізгі ойын анықтау; өзендердің тіршілік үшін маңызы туралы білім қалыптастыру.
- Дамытушылық: дүниетанымдық қабілеттерін, ойлауын дамыту; сөйлеу дағдыларын жетілдіру; пәнге қызығушылығын арттыру; сөздік қорын байыту.
- Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке тәрбиелеу; табиғатты аялауға және оның қамқоршысы болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Сатылай кешенді талдау
- Әңгіме (пікір алмасу)
Көрнекілік
- Слайдтар
- Тест тапсырмалары
- Қима қағаздар
- Ы. Алтынсарин портреті
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, көркем әдебиет, дене шынықтыру, бейнелеу өнері
- Технологиялық негіз
- СТО (сын тұрғысынан ойлау) элементтері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық (ұжымдық жаттығу):
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан —
Үлгі аламыз жақсыдан!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қасым Аманжолов — «Көктем»
- Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
- Мазмұнын қара сөзбен әңгімелеу.
- Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру.
Тест (қатар орындау, жауап слайд арқылы тексеріледі)
| Мәлімдеме | Иә | Жоқ |
|---|---|---|
| 1) Өткен бөлім «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» деп аталады. | □ | □ |
| 2) «Жазғытұры» — Абайдың өлеңі. | □ | □ |
| 3) «Гүл, жасыл желек, хош иіс, еңбек» — көктем сәні. | □ | □ |
| 4) «Дегдіді» сөзінің мағынасы «жауды» дегенді білдіреді. | □ | □ |
| 5) Наурыз — орыс халқының ұлттық мерекесі. | □ | □ |
| 6) «Еңбекпен тапқан тиын» — қазақ халқының ертегісі. | □ | □ |
Тапсырма аяқталған соң, экранда берілген суретке назар аударып, көргенімізді көркем сөзбен сипаттаймыз (табиғат, өзен, тау). Бұл бөлім «пейзаж» ұғымы арқылы бейнелеу өнерімен байланысады.
III. Жаңа сабақ
Бүгін біз жаңа бөлімді бастаймыз: «Табиғат — менің өз үйім». «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген ой табиғат пен адамның егіз ұғым екенін еске салады. Адам өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады, ал табиғатқа қамқорлық жасау — әркімнің міндеті.
- Ағаш отырғызу, орман-тоғайды өрттен қорғау;
- Жан-жануарлар мен құстарға қамқорлық көрсету;
- Таза ауа мен мөлдір судың қадірін түсіну (экологиялық тәрбие).
Бүгінгі тақырып
Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз.
а) Оқулықпен жұмыс (суретпен жұмыс)
- Сурет бойынша не айта аламыз? Не бейнеленген?
- Табиғат көрінісі қандай көңіл күй сыйлайды?
- Таза ауа мен мөлдір судың адамға пайдасы қандай?
Күтілетін сипаттама: аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, сарқырап аққан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатты көріктендірген әсем гүлдер, өзен жағасындағы маржан тастар.
ә) Шығармашылық тапсырма
«Табиғат және адам» тақырыбында ауызша әңгіме құрастыру.
б) Концептуалдық карта
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға бағытталған жұмыс.
в) Автор туралы мағлұмат
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин — ағартушы, ұстаз, жазушы. Шығармалары арқылы білімге, еңбекке, адамгершілікке үндейді.
г) Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Іштей оқу.
- Шығарма түрлерін еске түсіру: поэзия, проза, драма, роман т.б.
д) Сөздік жұмысы
- Қынарда
- жағасында
- Жанабында
- маңайында
- Алуан-алуан
- әртүрлі
е) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары (дене шынықтырумен байланыс).
ж) Өлеңді талдау
- Өлеңнің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтау.
- Құрылымын талдау: шумақ, тармақ, бунақ.
- Өлеңде 4 шумақ бар: 1-, 3-, 4-шумақтарда 4 тармақтан, 2-шумақта 6 тармақ.
- Шумақтағы бунақ санын анықтау.
- Ұйқас түрін табу және дәптерге жазу (слайд арқылы тексеру).
Ескерту: Қара өлең ұйқасын қазіргі ақындардың көпшілігі жиі қолданады.
Жеке жұмыс: әр оқушыға өлеңнің бір шумағын оқытып, мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.
IV. Сабақты бекіту
Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру: сұрақтарды оқушылар кезектесіп оқып, жауап айтады.
Өзендер туралы қысқаша деректер
- Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мыңнан аса өзен бар.
- Оның 7 өзенінің ұзындығы 1000 км-ден асады.
- Ең суы мол өзен — Ертіс: республика аумағында 1700 км, жалпы ұзындығы 4248 км. Жоғарғы ағысы Бұқтырма және Өскемен су электр станцияларымен реттелген.
- Ұзындығы жөнінен екінші — Сырдария: Қазақстандағы ұзындығы 1400 км, жалпы ұзындығы 2219 км.
- Іле — республика шегінде 815 км.
- Жайық — Қазақстанда 1082 км, жалпы 2428 км.
- Есіл, Тобыл, Шу — ірі өзендер қатарына жатады.
Дәптермен жұмыс
Қазақстандағы өзендердің атауларын жазу (тақтамен жұмыс).
Проблемалық сұрақ
- Өзеннің бізге қандай қатысы бар?
- Біз қайда тұрамыз?
- Жаңаөзен қаласының пайда болу тарихын білеміз бе?
Мақсат: туған жерге сүйіспеншілік қалыптастыру.
V. Қорытындылау
«Не үйрендім, не білдім?» — СТО әдісі бойынша рефлексия. Сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің бұған дейін оқылған шығармаларын еске түсіру.
VI. Бағалау
Оқушылардың мәнерлеп оқуы, талдауы, тапсырмаларға қатысуы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
- «Өзен» өлеңін жаттау.
- Өзеннің суретін салу.
- Ыбырай Алтынсарин туралы қосымша мәліметтер жинау.