Жаттығуды талдау

Сабақ туралы мәлімет

Өңір, мектеп
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Сабақтың тақырыбы
Шылау
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, дене шынықтыру
Көрнекіліктер
Суреттер, доп, ребус, сызбалар, слайд

Сабақтың мақсаты

1-мақсат

Оқушыларға шылау туралы толық мәлімет беру.

2-мақсат

Шығармашылық деңгейдегі жаттығулар арқылы ойлау қабілетін дамыту және сөздік қорын молайту.

3-мақсат

Зеректікке, ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең — еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Қорытынды: еңбектеніп білім аламыз, білім арқылы мақсатымызға жетеміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім сұрақтары: «Қазір жылдың қай мезгілі?» Көктемде жыл құстарын асыға күтеміз. Жыл құстары оқушыларға тапсырмалар дайындап келеді.

  • Қарлығаш
    Үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Тоқылдақ
    Мезгіл үстеуі туралы айт.
  • Торғай
    Мекен үстеуінің ережесін айт. Мысал келтір.
  • Бұлбұл
    Есімдік дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар? «Мен» есімдігін септеп айт.
  • Сауысқан
    Сын-қимыл үстеуінің ережесін айт. Мысал келтір.

Қосымша тапсырма

Оқушылардан құстардың орыс тіліндегі атауларын сұрау.

III. Жаңа сабақ

Ребус шешу арқылы жаңа тақырып ашылады.

Шешуі

Шылау

Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялап, мақсаттарын нақтылайды: оқушыларға шылау туралы толық мәлімет беру және шылаулармен таныстыру.

IV. Дәптермен жұмыс

Күннің жадын және тақырыпты жазу. Көркем жазу жұмысын орындау.

V. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Жаттығуды оқушыларға оқыту. Сөйлемдегі шылауларды дәптерге жаздыру және талдау.

2-жаттығу

Өлеңді жатқа жаздыру. Өлеңдегі шылаулардың астын сыздыру және талдау.

3-жаттығу

«Кім зерек?» ойыны

Шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастыру.

4-жаттығу (ауызша)

Сөйлемдегі «мен» шылауын өзара салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, талдау.

VI. Сергіту сәті

«Доп тастау» ойынын ұйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс

5-жаттығу: оқушыларға өз бетімен орындату.

VII. Сабақты қорытындылау

Сабақты бекіту үшін тест тапсырмалары орындалады.

  1. 1) Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді қалай атаймыз?

    а) етістік
    ә) шылау
    б) үстеу
  2. 2) Мына сөйлемге қай шылау лайық?

    Отан ... отқа түс, күймейсің.

    а) туралы
    ә) дейін
    б) үшін
  3. 3) «Ы» әрпі қойылатын қатарды тап.

    а) ...рақмет
    ә) ...рыс
    б) ...рай

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

IX. Үй тапсырмасы

Жаттығу

6-жаттығу

Теория

Ережені жаттау