Түбірлес сөздер
Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздер
Бұл сабақта оқушылар бір түбірден жасалатын сөздердің мағынасын ашып, түбір мен қосымшаны ажыратып, түбірлес сөздердің ережесін өз бетімен тұжырымдайды.
Сабақтың мақсаты
- Өздігінен жұмыс ұйымдастыру арқылы түбірлес сөздер туралы теориялық түсінік қалыптастыру және білімді толықтыру.
- Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылық қабілет пен ғылыми ойлауды дамыту.
- Ұйымшылдыққа, достыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаты
- Типі
- Жаңа сабақ
- Түрі
- Аралас сабақ
- Принциптері
- Біртұтастық, жүйелілік
Технология және ресурстар
- Ақпараттық технология, бейнелеу, дене шынықтыру элементтері
- Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, тірек-сызбалар, ойын құралдары, тапсырмалар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
сұрақ-жауап
жаттығу
кітаппен жұмыс
жеке оқушымен жұмыс
өздігінен жұмыс
көрнекілік
ойын
сергіту сәті
ажырату
дәлелдеу
ізденушілік