Абай ҚұнанбаевӨзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың
Абай Құнанбаев
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын.
Тыңдамаса еш адам,
Өз жүрегім толғансын.
Әр сөзіне қарасын,
Іштегі дертім қозғалсын.
Әуелесін, қалқысын,
От - жалын боп шалқысын.
Жылай - жырлай өлгенде,
Арттағыға сөз қалсын.
Мендей ғаріп кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын.
Не пайда бар - мың надан
Сыртын естіп таңдансын.
Онан дағы бір есті
Ішкі сырын аңғарсын.
Өздерің де ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладағы аңдарсың.
Жүрегіңмен тыңдамай,
Құлағыңмен қармарсың.
Соны көріп, соларға
Қайтіп қана сарнарсың?!
Абайдың эстетикалық тағылымы.Сатиралық лирикасы
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
Абай шығармашылығындағы эстетикалық көзқарас
Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер
Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі
Абзал Бөкеннің лирикасы
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Абай атама
Құнанбаев Абай
Абай Құнанбаев
Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын
Менің көңілім жұрттың қамында емес, бір басқа
Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
Абай поэзиясы
Абайдың өмірі мен мұраларын ғылым жолымен толық тануға себепші - оның толық жинағының баспаға шығуы