Жігіттер сұлтаны сайысына қош келдіңіздер

Іс-шараның мақсаты

Ер балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының ұл тәрбиелеу салт-дәстүріне сай әдептілікке, ұстамдылыққа, төзімділікке және батылдыққа баулу.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер
  • Слайд
  • Асық
  • Спорт құралдары
  • Сандықша

Шараның ашылуы

1-жүргізуші

Сайрандаған байтақ жердің төсінде,
Біздей елдің қолқанатты еркесінде.
Жігіттер сайысын бастайық:
Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің 5 «А» сынып ұлдарының арасында.

2-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Өнерсүйер қауым!
«Жігіттер сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер!

3-жүргізуші

Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  • Мектеп директоры: (аты-жөні көрсетіледі)
  • Тәрбие ісі меңгерушісі: (аты-жөні көрсетіледі)
  • Әдіскер: (аты-жөні көрсетіледі)

1-жүргізуші

Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз қауымдас!
Бүгінгі сайысты бастайық,
Сайыста шынайы көңілмен қол соғайық.

Ойын-сауық басталады,
Қошеметтеп қол соғып отырайық.
Бүгін сіздер шаршағанды ұмытарсыздар —
дей отыра, сахнаға «Жігіттер сұлтаны» атағына лайық болуға үміт артқан сұлтандарды шақырайық.

Үміткерлер

Ілияс пен Мирас Болатұлы

Тай-құлындай тебісіп бірге өскен, өмірдің талай қиынын қатар кешкен ағайынды қос шынар — сыныбымыздың ер жігіттері.

Рахат Рашитұлы

Еңбексүйгіш, таудай талабы бар, кез келген іске тыңғылықты кірісетін сыныбымыздың сұңғақ жігіті.

Рахат Серікұлы

Жақсы мен жаманды айыра білетін, өнерімен көпті тамсандырған, қайсар мінезді сарбаздай жігіт.

Шәкәрім Жексембіұлы

Спорт пен білімді қатар ұштастырған, намысқа шын кіріссе тауды бұзар жігерлі талапкер.

Бекзат Ғалымұлы

Сөз тауып, көңіл-күйді көркейтетін, өнерімен мектепте сыйлы болған 5-сыныптың ер жігіті.

Ербұлан

Елгезек, бойында жақсы қасиеті мол, тапсырманы ұқыппен тыңдап, тиянақты орындайтын сыныбымыздың ерке ұлы.

Ескерту: Жігіттер әділ қазылардың алдында тұрған карточкаларды алып, өз нөмірлерін анықтайды.

Сайыс кезеңдері

  1. 1

    Таныстыру

    Үміткер өзін таныстырады, ниеті мен мақсатын жеткізеді.

  2. 2

    «Жігітке жеті өнер де аз»

    Өз өнерін көрсету: ән, күй, би, қолөнер, сахналық көрініс және т.б.

  3. 3

    «Бәрекелді, сайыпқыран»

    Күш сынасу: гир көтеру (білек пен шыдамдылық сайысы).

  4. 4

    «Көңілі ояу, көзі ашық»

    Сұрақ-жауап: салт-дәстүр, таным, тапқырлық.

2-жүргізуші

Жігіттер сайысының шымылдығын әсем бимен ашуға рұқсат етіңіздер.

1-кезең: Таныстыру

1-жүргізуші

Адам — ғалам ғажайып, жеке дара,
Жан құмарын іздеген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң — істің басы,
Түзеген өз ғаламын — болған дана.

Жөн сұрасып отыру — бабамыздың бүгінге жеткен салты.
Ендеше, «Жігіттер сұлтаны» үміткерлері өздерін осы жерде таныстырады.

2-кезең: Өнер сайысы

2-жүргізуші

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең — менше сүй!

Абай атамыз жырлағандай, өнер сайысында жігіт сұлтандарын қошеметтейік.

Осы бөлім аяқталған соң қазылар алқасы бағаларын ұсынады.

3-кезең: Күш сынасу (гир көтеру)

1-жүргізуші

Батырдың көрінеді суық түсі,
Жақсының жақсылармен болар ісі.
Тілі шешен болғанмен суырылған,
Жігітке керек бір сәт білек күші.

Үшінші сайыс — күш пен білек, гир көтеру сайысы.

4-кезең: Сұрақ-жауап

2-жүргізуші

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Сырын ашсаң — жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен бұл жігіттер?
Сондықтан қойылар сұрақтар бар.

«Үш» санына байланысты танымдық сұрақтар

Үш жұрт

  1. Ағайын жұрт
  2. Нағашы жұрт
  3. Қайын жұрт

Үш байлық

  1. Денсаулық
  2. Ақ жаулық
  3. Он саулық

Үш би

  1. Үйсін Төле би
  2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би
  3. Алшын Әйтеке би

Үш дана

  1. Абай
  2. Шоқан
  3. Ыбырай

Үш арсыз

  1. Ұйқы
  2. Тамақ
  3. Күлкі

Үш биік

  1. Билік
  2. Дәулет
  3. Даналық

Үш асыл

  1. Көз
  2. Тіл
  3. Көңіл

Қорытынды және марапаттау

1-жүргізуші

Жеңістер мен жеңілістерден тұратын өмір — күрес.
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме:
қатысудың өзі — бір жеңіс екенін ұғатын жан ұтады.

Ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.

2-жүргізуші

Осымен бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» байқауы аяқталды.
Қошемет көрсетіп, тамашалағандарыңызға көптен-көп рақмет!