Компьютерде сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтауды әдісімен таныстыру
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау (Информатика, 7-сынып)
Бұл сабақта оқушылар компьютерде сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттардың қалай кодталатынын түсінеді, сондай-ақ ақпаратты екілік әліпби арқылы ұсыну дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Ресурстар
- Оқулық
- Компьютер
- Тақта
- Проектор
Оқыту әдістері
Диалог, әңгіме, сыни тұрғыдан ойлау (СТО), ЖАДА, «қалай оқу керектігін үйрету», бағалау және оқытуды бағалау, АКТ.
Жалпы мақсат
Компьютерде сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау әдістерімен таныстыру және оларды тәжірибеде қолдануға бағыттау.
Күтілетін нәтижелер
- Сандық, мәтіндік және графиктік ақпаратты кодтау тәсілдерін біледі.
- Ақпаратты екілік әліпби арқылы кодтай алады.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Табыс критерийлерін анықтау.
Жеке жұмыс.
Негізгі бөлім
Үй жұмысын тексеру
Қайталау сұрақтары арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.
- 1 Кодтау дегеніміз не?
- 2 Декодтау дегеніміз не?
- 3 Бит пен байт ұғымдарын қалай түсінесіздер?
- 4 Екілік әліпби таңбаларын жазыңыз.
- 5 «Отбасы» сөзін компьютерде ұсыну түрінде жазыңыз.
Жаңа сабақ
Тақырыпты презентация арқылы түсіндіру: мұғалім негізгі анықтамалар мен кодтаудың үлгілерін көрсетеді.
Назар аударыңыз
Ақпарат компьютерде екілік жүйе арқылы беріледі. Сондықтан кодтау барысында негізгі өлшемдер ретінде бит пен байт жиі қолданылады.
Практикалық тапсырмалар
- 1) «Байт» сөзінде қанша бит ақпарат бар?
- 2) 12288 бит шамасын байт және килобайтқа ауыстырыңыз.
- 3) Ширек килобайт хабарламада қанша бит ақпарат бар?
- 4) Дискетке 1,44 Мбайт ақпарат сыяды. Көлемі 680 Мбайт компакт-дискіні қанша дискет алмастыра алады?
- 5) Мәтіннің бір беті 50 таңбадан тұратын 50 жолдан құралсын. Осындай бес бет қанша ақпарат көлемін алады?
- 6) 256 түсті палитрасы бар растрлық сурет 10×10 нүктеден тұрады. Ақпараттық көлемін байтпен есептеңіз.
Бекіту және қорытынды
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімін қысқа рефлексия арқылы жинақтайды.
Мен бүгін сабақта білдім:
________________________
Мен бүгін сабақта үйрендім:
________________________
Менің ойымша:
________________________
Бағалау
Оқушылар өзін-өзі және топтастарын бағалайды. Жиналған бағалау нәтижелерін ескере отырып, қорытынды баға шығарылады.
Үй тапсырмасы
- Оқулық бойынша №2 және №4 тақырыпты оқу.
- Бақылау сұрақтарымен жұмыс жасау.
- Тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу.