Қазақ хандығының астанасы

Көшпелі шаруашылық және маусымдық көші-қон

Қазақ халқының XVI–XVII ғасырлардағы шаруашылығының өзегі — мал шаруашылығы және оған бейімделген көшіп-қону тәртібі болды. Әр ру-тайпаның белгілі бір бағыты мен өзіне тән көші-қоны қалыптасты.

Маусымдық көші-қон деген не?

Маусымдық көші-қон — жыл мезгілдерінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтап қалу үшін қоныс ауыстыру.

  • Қысқы көш

    Қыстауға келіп, бір жерде ұзақ тұрақтау.

  • Көктемгі көш

    Көктеуге шығып, төл алу мен күтім жұмыстарын жүргізу.

  • Жазғы көш

    Жайлауға барып, малды семіртуге жағдай жасау.

  • Күзгі көш

    Күздеуге қонып, қысқа қажетті қорды түгендеу.

Қыстау

6 ай шамасында бір орында отыру

Көктеу

2 ай тұрақтау

Жайлау / Күздеу

2 айдан тұрақтау

Қыс қатері: жұт және мал індеттері

Қыста мал баққан қазақ ауылдары үшін ең қауіпті жағдай — жұт болды. Жұт кезінде жем-шөп таусылып, қыс ұзарып, аяз күшейеді; қар қалың түсіп, жер беті мұз болып қатып, мал тебіндей алмай қалады. Бұған қоса жұқпалы аурулар да мал шығынын арттырды.

Жұқпалы аурулардың түрлері

Ауру атауы Көбірек кездескен мал
Кебенек Ешкі
Қарасан Сиыр
Топалаң Қой
Маңқа, жамандат Жылқы
Ақшелек Түйе

Көктеу, жайлау, күздеу: негізгі мақсаттар

Көктеу

  • Негізгі мақсат: мал төлдету.
  • Маңызды жұмыс: жүн қырқу.

Жайлау

Жайлауға көшудің басты міндеті — малды семірту. Малдың қыстан аман шығуы көбіне жайлаудағы қоңдануына байланысты болды.

Күздеу

Шаруашылық

Қойдың күзем жүнін қырқады.

Әйелдер еңбегі

Күзем жүннен киіз басып, киіз үйге қажет бұйымдар дайындады.

Көш жүгі

Қысқа әзірленген азық-түлік, киіз-төсеніш, киім-кешек көш жүгін ауырлатты.

Егіншілік, аңшылық және қолөнер

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан ежелден егіншілік мәдениеті өркендеген өңірлердің қатарында саналды. Қазақтар сонымен бірге аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен де айналысты.

Көшпелілердің үй кәсібі көбіне мал шаруашылығы шикізаттарын өңдеуге негізделді. XVII ғасыр деректерінде алтынмен аптап, қымбат тастармен әшекейленген сәукеленің құны бір үйір жылқымен бағаланғаны айтылады.

Қалалар және Ұлы Жібек жолы

Оңтүстік Қазақстандағы қалалар XV ғасырдың аяғынан бастап Қазақ хандығының қол астына қарай бастады. XVI–XVII ғасырларда бұл қалалар толық қазақтардың билігіне өтіп, айналасында жаңа елді мекендер қалыптасты.

Географиясы мен рөлі

Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, сауда мен саяси өмірдің маңызды тіректеріне айналды.

Сығанақ

Қазақтар үшін сауда орталығы болды. XIII ғасырдан — қыпшақтардың орталығы, XV–XVI ғасырларда — Қазақ хандығының астанасы қызметін атқарды.

Түркістан

XVI ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ халқының ұлттық негізі осы қалада бекіді.

Қалалардың әлсіреу себептері

XVIII ғасырдан бастап ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастады. Бұған:

  • жоңғар-қалмақ шапқыншылығы;
  • қазақ пен өзбек хандықтары арасындағы жүз жылға жуық соғыстар;
  • Ұлы Жібек жолының сауда қуатының бәсеңдеуі