Түйенің пайдасы туралы өлеңдердің, мәтіннің мазмұны бойынша оқушыларға әңгімелету
Ана тілі · 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Төлді қалай шақырады? Түйе. Бота.»
Бұл сабақта оқушылар төрт түліктің төлдерін қалай шақыратынын, сондай-ақ түйе мен ботаның ерекшеліктерін танып, олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсінігін кеңейтеді. Сонымен бірге сауат ашу барысында меңгерген дауыссыз дыбыстар туралы білімін жаттығулар орындауда қолдануға дағдыланады.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға төрт түліктің төлдерін қалай шақыратынын түсіндіру; түйе мен ботаның бойындағы ерекшеліктер туралы мәтіндер мен өлеңдерді оқыту арқылы олардың пайдасы жөнінде мағыналы түсінік қалыптастыру; дауыссыз дыбыстар туралы білімін бекітіп, оны жазылым мен тапсырмаларда тиімді қолдануға үйрету.
Сабақтың міндеттері
1) Оқу және жазу дағдыларын жетілдіру
- Тұтас сөзбен жүгірте оқуды жетілдіру, мәнерлеп әрі түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.
- Түйенің пайдасы туралы өлеңдер мен мәтін мазмұнына сүйене отырып, оқушылардың әңгімелеуін дамыту.
- Сауатты жазу дағдыларын бекіту.
2) Сауат ашу білімін тереңдету
- Оқу техникасын дамыту.
- Дауыссыз дыбыстар туралы білімді бекіту және кеңейту.
- Дауыссыз дыбыс әріптерінің сөз ішіндегі жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
3) Тәрбиелік бағыт
- Түйенің ерекшелігі мен пайдасын таныта отырып, жануарларға қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Еңбексүйгіштікке баулу.
Көрнекілік пен әдістер
Көрнекіліктер
- Оқулықтағы суреттер
- Төрт түлікке қатысты көрнекі материалдар
- Құлынның суреті
- Слайдтар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Сын тұрғысынан ойлау
- Проблемалық жағдаят тудыру
Сабақтың барысы
I. Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.
III. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Мал атасы» өлеңі
- Өлеңді жатқа айту, мәнерлеп оқу.
- Малдың әрқайсысының пірлерін (иелерін) атау (слайдпен жұмыс).
- Қой, жылқы, ешкі, түйе, сиырдың пірлері қалай аталады?
2) Дыбыстарды қайталау
- Дауыссыз дыбыстар туралы сұрақтар қою.
- Дауыссыз дыбыс әріптерін атап шығу.
IV. Жаңа тақырып бойынша жұмыстар
1) Кіріспе әңгіме (сұрақ-жауап)
Суреттерді пайдаланып, дүниетану пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып әңгімелесу.
- Малдың қандай түрлері бар?
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз? (слайд)
2) Оқулықпен жұмыс: «Төлді қалай шақырады?» өлеңі
- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Оқушылардың кезектесіп оқуы.
- Тізбектей оқыту және мәтіннің мағынасын талқылау.
Сөздік жұмысы
- серігім
- досым, жолдасым
- тана
- моншақ
- елпеңдеген
- жүгірген
Талқылауға арналған сұрақтар
- Әр малдың төлін атаңдар.
- Қойдың баласы қалай аталады? Неліктен оны Шопан ата түлегі дейді?
- Ешкі қандай жануар? Оны қалай шақырады?
- Қамбар ата өсірген жануар қалай аталады? Оның адамға қандай пайдасы бар?
- Зеңгі баба өсірген түлік қалай аталады? Оны қалай шақырады? Қандай пайдасы бар?
- Екі өркеші бар, көзі танадай жануар қалай аталады? Оның пайдасы қандай? Пірі қалай аталады?
- Бұлардан басқа қандай үй жануарларын білесіңдер? Оларды қалай шақырады?
- Мысық пен итті қалай шақырады?
V. Сергіту сәті
Малдардың төлдері туралы «Қошақаным» әнін бірге айту.
3) Дәптермен жұмыс: 21-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу.
4) Өлең: «Түйе. Бота.»
- Мұғалімнің оқып беруі.
- Оқушылардың кезектесіп оқуы.
- Тізбектей оқыту, «тауып оқу» әдісімен жұмыс.
Тапсырма
Өлеңнен түйенің пайдасы айтылған жолдарды тауып, дауыстап оқыңдар.
Сөздік жұмысы
- зор
- үлкен, дәу
- дертке дауа
- ауруды емдейді
- жота
- арқа
- жантақ
- ащы шөп
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар
- Неліктен «ботақаным» деп атайды?
- «Тостағандай көзің» деген жолдан нені аңғардыңдар?
VI. Дәптермен жұмыс: арнайы тапсырма
Дауыссыз дыбыс әріптерінен басталатын 10 сөз ойлап жазу (№2 тапсырма, 9-бет).
VII. Қорытынды
Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?
- Осы жануарлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
- Төрт түлік.
- Төмендегі сызбаны толтыру (қорытындылау тапсырмасы).