Физика 10 сыныпСабақ тақырыбы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Физика, 10-сынып

Сабақ тақырыбы

Электролиттердегі электр тогы

Мақсаты

Ерітінділердегі заряд тасымалдаушыларды анықтау.

Түйінді идея

Оқушылар пікір білдіреді, құндылықтарды көрсетеді, пікірлердің әртүрлілігін талқылайды, қоғамдық талқыға қатысады, идеялар мен ойларды дамытады.

Оқыту нәтижелері

Сабақ соңында оқушы:

  • 1 Электролиттік диссоциация ұғымына анықтама береді.
  • 2 Күкірт қышқылы молекуласының формуласын сипаттайды.
  • 3 Ерітіндіде иондардың пайда болуын жіктейді.
  • 4 Есеп шығаруда формулаларды дұрыс қолданады.
  • 5 Фарадейдің екінші заңын тұжырымдайды.

Дереккөздер

  • 10-сынып физика оқулығы: Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев.
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық: 23 және 26-беттер.

Оқыту әдістері

Топпен жұмыс Диалогтік әдіс Ұжымдық оқыту Жинақтау әдісі «Үш қадамдық сұхбат» «Ойлан – жұптас – бөліс»

Көрнекілік және техника құралдары

  • Электронды оқулық
  • Интербелсенді тақта
  • Интернеттен алынған материалдар

Сабақты ұйымдастыру

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстырады. Оқушылардың көңіл күйі мен дайындық деңгейіне назар аударып, сабақты бастайды.

Үй тапсырмасы және топқа бөлу

Өткізгіштер

Ag, Cu, Al, Fe, Hg

Жартылай өткізгіштер

Ge, Se, ZnO, Cu2O, Si

Диэлектриктер

Шыны, фарфор, кварц, эбонит, янтарь

Топқа бөлу тәртібі

Атаулар парақшаларға жазылып таратылады. Оқушылар сәйкестігіне қарай үш топқа бөлінеді.

Презентация тапсырмасы

«Жартылай өткізгіштердегі электр тогы» тақырыбы бойынша сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз бөлімшесі бойынша презентация дайындап келеді.

  • Баяндамашылар кезекпен шығып, үй тапсырмасы бойынша жұмыстарын қорғайды.
  • Әр баяндамаға 1–1,5 минут уақыт беріледі.
  • Соңынан басқа топ мүшелері 1 минут ішінде сұрақ қойып, білімді нақтылайды.
  • Нәтиже смайлик арқылы бағаланады.

Табыс критерийлері және бағалау

1) Диэлектриктер

5 балл

Диэлектриктерде еркін зарядтар болмағандықтан, электр тогын нашар өткізетінін біледі.

2) Жіктеу

5 балл

Жартылай өткізгіштердің түрлерін жіктейді.

3) Ауысу түрі

5 балл

Электронды-кемтіктік ауысуды ажыратады.

4) Қоспалар

5 балл

p-типті және n-типті қоспаларды салыстырады.

5) Уақытты басқару

5 балл

Тест уақытын тиімді пайдаланады.

Қорытынды баға шкаласы

24–25 балл

«5»

19–23 балл

«4»

9–13 балл

«3»