Мұхит суында кездесетін элемент

Астана қаласы №53 мектеп-лицей

Биология пәні мұғалімі: Князова Ақмарал Қамбарбекқызы

Сыныптан тыс жұмыс

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
«Химиялық көңілді тапқырлар кеші»
Пәні
Химия
Сыныптар
8–9–10 сынып
Түрі
Сайыс-ойын
Әдістері
Әңгіме, пікір алмасу, тапсырмалар орындау
Пәнаралық байланыс
Биология, география, математика

Көрнекіліктер

  • Плакаттар
  • Слайд-шоу
  • Басқатырғылар
  • Қаламдар, жетондар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жалпы химиядан алған білімді жинақтау және жүйелеу; өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру; іскерліктерін арттыру; пәнге қызығушылықты күшейту.

Дамытушылық

Сұрақ-тапсырмалар, сөзжұмбақ шешу, есеп шығару және тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісті кеңейту, логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

Жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу; үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың өту барысы

  1. 1 Таныстыру: үй тапсырмасын сұрау (слайд арқылы топтардың таныстырылымы).
  2. 2 Ой жинақтау кезеңі: әр топқа 10 сұрақтан қою.
  3. 3 Сөзжұмбақ шешу.
  4. 4 Тәжірибе көрсету.
  5. 5 «Білім пирамидасы»: түрлі есептерді шешу және ұпай жинау.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Көңілді тапқыштар, білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер —
Бүгінгі күні жеңімпаз сол болады.

Білім деген биік шың —
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың —
Қиындықтан өткерер.

Жастықтың оты қайдасың?
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай.

Ереже: әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

Ой жинақтау: сұрақтар (әр топқа 10)

I топ

  1. 1. Қандай элемент алдымен Күнде, содан соң Жерде ашылды? (Гелий)
  2. 2. Қандай элемент қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі? (Бром)
  3. 3. Қандай элементтер материктердің атымен аталады? (Европий, Америций)
  4. 4. Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады? (Концентрлі H2SO4 арқылы)
  5. 5. Суды қалай жандыруға болады? (Сілтілік металдар: натрий, калий арқылы)
  6. 6. Планетамызда ең көп таралған элементтер? (Сутек, гелий)
  7. 7. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады? (Ақ фосфор арқылы)
  8. 8. Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады? (Сұйылтылған қышқылға салып)
  9. 9. Әрі химик, әрі музыкант ғалым? (А. П. Бородин)
  10. 10. «Алып элемент» деп қай элемент аталады? (Титан)

II топ

  1. 1. Ресейде алғаш химия зертханасын ашқан кім? (М. В. Ломоносов)
  2. 2. Қай «жыланда» сынап көп? («Фараон жыланы»: сынап(II) роданиді)
  3. 3. Футбол терминінде кездесетін элемент? (Гольмий)
  4. 4. Табиғи талшықты зат? (Асбест)
  5. 5. Мыстың табиғи қосылысы? (Малахит)
  6. 6. Сүт қанты? (Лактоза)
  7. 7. Темекі құрамындағы алкалоид? (Никотин)
  8. 8. Адамзат алғаш өндірген элемент? (Мыс)
  9. 9. Топырақты құнарландыратын негізгі элемент? (Азот)
  10. 10. Үш түрлі күйде кездесетін зат? (Су)

III топ

  1. 1. «Болашақтың металы» деп қай металды атайды? (Алюминий)
  2. 2. Лимон қышқылын неден алады? (Қанттан немесе мелассадан)
  3. 3. Сутек қай затта жақсы ериді? (Балқытылған темірде, никельде, палладийде)
  4. 4. Қай жай зат ең жоғары температурада балқиды? (Графит, шамамен 3800°C)
  5. 5. Қандай элементтер жер қыртысының негізгі бөлігін құрайды? (Оттек ~49%, кремний ~26%)
  6. 6. Ауаның газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым? (Л. да Винчи)
  7. 7. Адамға таза (дистилденген) су ішу пайдалы ма? (Жоқ)
  8. 8. Фосфорды қашан және кім ашты? (Гамбург химигі Г. Бранд, 1699 ж.)
  9. 9. Грек тілінде «ай» деген мағына беретін элемент? (Селен)
  10. 10. Ең алғашқы мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды? (1745 ж., Ухта өзені бойында)

Сөзжұмбақ кезеңі

Біреуінің жүрегінде жігер бар,
Біреуінің арқалаған қоғамда жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Біреуінің тынбай жұмыс істейтін миы бар.

Сөзжұмбақ сұрақтары (негізгі)

  1. 1. Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент? (Көміртек)
  2. 2. Шпатта алғаш табылған элемент? (Барий)
  3. 3. Улы ұшқыш қосылыс? (Арсин)
  4. 4. Қытай, Бирма, АҚШ-та көп кездесетін металл кен орны? (Вольфрам)
  5. 5. Скандинавия түбегіндегі мемлекет? (Швеция)
  6. 6. Мұхит суында кездесетін элемент? (Марганец)
  7. 7. Құймаларды қызуға төзімді ететін металл? (Молибден)
  8. 8. Галлит, сильвинит, карналлит тұздары құрамында жиі кездесетін элемент? (Хлор)
  9. 9. Майларды гидролиздеу нәтижесінде алынатын зат? (Глицерин)

Қосымша сұрақтар (көлденеңінен/тігінен)

Көлденеңінен

  1. 3. Қазақ халқының алғашқы академиктерінің бірі, фосфор тұздары маманы? (Бектұров)
  2. 5. Химиялық элементтердің рентгендік спектрін зерттеген ағылшын ғалымы? (Мозли)
  3. 6. Ең қатты минерал? (Алмас)
  4. 7. Ұшқыш компоненттерінен ректификациялау арқылы тазартылған спирт ашымасының қалдығы? (Барда)
  5. 8. Флогистон теориясының негізін қалаушы неміс ғалымы? (Шталь)
  6. 11. Анестезия үшін қолданылатын препарат? (Новокаин)

Тігінен

  1. 1. Металдар туралы зерттеген араб химигі? (Турки)
  2. 2. Органикалық қосылыс? (Спирт)
  3. 3. Катализдік мультиплет теориясының негізін қалаушы орыс химигі? (Баландин)
  4. 4. Орта ғасырдағы Еуропа химигі, сульма мен мышьякты алғаш зерттеген? (Валентин)
  5. 9. Кремнеземнің табиғатта кең тараған түрі? (Кварц)
  6. 10. Кальций сульфаты кристаллогидратының бір түрі? (Ғаныш)

Қазақ химиясына қатысты қосымша тапсырмалар

  1. 1. Қазақтың химик-органигі, еңбегі өсімдіктер химиясына арналған? (Шомбалов)
  2. 2. Түрлі заттарды ерітетін қоспа? (Еріткіш)
  3. 3. Химия ғылымының докторы атағын алғаш алған қазақ химик-органигі? (Әзербаев)
  4. 4. Тұз қышқылының аммоний тұзы? (Мүсәтір)
  5. 5. Ерте кезде қазақ халқы қолданған металдардың бірі? (Мырыш)
  6. 6. Қазақ халқының академик-химигі, жоғары молекулалы қосылыстар маманы? (Жұбанов)
  7. 7. Үй тұрмысында жиі қолданылатын, қазақ халқына ертеден таныс металл? (Қалайы)
  8. 8. Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл? (Қорғасын)
  9. 9. Мыс тұзының кристаллогидраты? (Тотияйын)
  10. 10. Қазақ халқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі? (Бектұров)

Тәжірибе кезеңі

Химия — ырыс бұлағы,
Шалқыған байлық, мол дәулет.
Аялап күтіп тұр алда —
Болашағымыз нұр сәулет.

Аялдама, алға ұмтыл —
Құдіретті біздің ой!
Сенде байлық, сенде ырыс,
Сенімен өмір сәнді ғой.

Кезекте әр топ төмендегі тәжірибелердің бірін көрсетеді:

  • 1) Судан «сүт» алу

    Көрнекі химиялық құбылыс арқылы түсіндіру.

  • 2) Жанбайтын орамал

    Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып орындау.

  • 3) Отсыз жұмыртқа пісіру

    Тәжірибе нәтижесін қысқаша дәлелдеу.

«Білім пирамидасы»: есептер кезеңі

Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Кім шешеді — сол сайыста озып тұр,
Есеп шешер кезегі келіп тұр.

Ереже

  • Әр топқа әртүрлі есептер ұсынылады.
  • Дұрыс шығарылған есептің жауабы пирамидаға жапсырылады.
  • Қай топтың қанша есеп шығарғаны жапсырылған үшбұрыштар саны бойынша анықталады.

Бағалау

Әр дұрыс есепке 5 балл беріледі.

Соңында барлық кезең бойынша ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады және марапатталады.