Балабақша психологы
Спорттық шараның атауы
«Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық сайыс
Негізгі идея
Таза ауада спорттық жарыс ұйымдастыру арқылы ата-аналарды балабақша өміріне кеңінен тарту.
Тәрбиелік бағыты
Балалардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру және отбасылық бірлікті нығайту.
Мақсаты мен міндеттері
-
Ата-аналарды балабақша өміріне белсенді араластыру, бірлескен спорттық іс-шара арқылы ынтымақтастық орнату.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулыққа пайдалы әдеттерге қызығушылығын күшейту.
-
Жас ұрпаққа және ата-аналарға денсаулықтың баға жетпес құндылық екенін түсіндіру.
-
Спортқа қызығушылықты арттыру, балалардың икемділігін, шапшаңдығын дамыту және достыққа тәрбиелеу.
-
Отбасылық үйлесімділікті күшейту: ортақ мақсатқа бірге ұмтылу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Ескерту: «қар жинау» кезеңі үшін еденге шашылатын материалдар қауіпсіз, жұмсақ және жеңіл болуы ұсынылады.
Шараның жүру барысы
Кіріспе шумақ
Береке де осында, Мереке де осында. Болып жатыр той-думан Балабақша бағында. Көңіл қойып қараңыз, Жалындап тұр балаңыз. Қатысатын топтарды Қол соғып қарсы аламыз!
(Сайысқа қатысушы ата-аналар балалармен бірге саппен келіп, қатарға тұрады.)
Жүргізушінің құттықтауы
Армысыздар, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және балалар! Бүгін балабақшамызда үлкен мереке — ата-аналар мен балалар арасында өтетін спорттық сайыс. «Әкем, анам және мен» атты көңілді жарысқа қош келдіңіздер!
(Ортада әнұран ойналады.)
Әділқазылар алқасы
Отбасылық жарысқа әділқазылар төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтайды.
-
1
Балабақша әдіскері: Уразова А.Б.
-
2
Балабақша медбикесі: Ершуақова А.С.
-
3
Балабақша психологы: Бисенбиева А.Д.
Сайыс бөлімдері
Біздің сайыс бірнеше бөлімнен тұрады:
1) Таныстыру
Әр отбасы өздерін қысқаша таныстырады.
2) Кім жылдам
Доппен кедергілер арқылы эстафета.
3) Бәйге
Ленталарды жіпке байлау тапсырмасы бар кезең.
4) Ептілік
Әке, ана және балаға арналған үш түрлі тапсырма.
5) Тіркесіп жүгіру
Екі ересек шармен бірге қозғалып өтеді, бала қаппен секіреді.
6) Қар жинау
Балалар «қарларды» шелекке жинайды, саны есептеледі.
7) Қол күрес
Әкелер күш сынасады.
1) Таныстыру
Өнер қуып өтер дейміз, Бір баспен өнері жетер дейміз. Сайысқа келген отбасы кезектесіп, Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Әр отбасы сахнаға шығып, өз атауын, ұранын және құрамын таныстырады.
2) «Кім жылдам» — доппен эстафета
Әр отбасыға бір доп беріледі. Бала кедергілер арқылы жүгіріп, межеден айналып келіп допты анасына береді. Анасы дәл солай кедергілерден өтіп, допты әкесіне тапсырады. Эстафета осылай жалғасады.
3) «Бәйге» — ленталарды байлау
Бәйге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жараспай, Сайыстың мәні бола ма?
Бұл кезеңде бала әкесінің арқасына мініп қозғалады, ал анасы старт сызығында қалады. Ананың қолында түрлі-түсті ленталар болады. Керілген жіпке ленталарды бір-бірден байлау керек: анасы лентаны кезекпен беріп тұрады, қатысушылар тапсырманы уақытпен орындайды.
4) «Ептілік» — үш тапсырма
Әке
Допты еденге соғып отырып кедергілерден өтіп, межеден айналып келеді.
Ана
Екі ақ қағазды алма-кезек еденге қойып (қадамды қағазға басып), межеден айналып қайтады.
Бала
Еденде жатқан ойыншық жануарларды жинап, қоржынға салып алып келеді.
5) «Тіркесіп жүгіру» — үйлесім мен бірлік
Қалма жұрттың соңында, Қажет болса мың атта. Аздық етер оның да, Жету үшін мұратқа.
Әке мен ана кедергілер арқылы бірге қозғалады: екеуінің ортасында шар болады, шарды түсірмей межеден айналып келеді. Бала қаппен секіріп, межеден айналып қайтады.
6) «Қар жинау» — жылдамдық пен ұқыптылық
Балалар еденге шашылған «қарларды» бір-бірден шелекке жинайды. Жиналған қар саны есептеліп, жеңімпаз анықталады.
7) «Қол күрес» — әкелер сайысы
Ал, қадірлі халайық, Зердемізді салайық. Белімізді буып алып, бекініп, Күшімізді сынайық.
Бұл кезеңде әкелер қол күрестен күш сынасады.
Қорытынды және марапаттау
Қазылар алқасы қорытынды жасап, қатысушылардың ұйымшылдығы мен белсенділігін атап өтеді.
Жарыс заңы ежелден — Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол — Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Жеңілгендер ренжімей Тараса — бізге жарады.
Бүгінгі «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы осымен аяқталды. Қатысқан барлық отбасыларға үлкен алғыс айтамыз! Сау болыңыздар!
Автор туралы мәлімет
Мекеме
Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №35 «Балақай» бөбекжай-бақшасы
Лауазымы
Дене шынықтыру нұсқаушысы — Ташимова Раушан Нигметовна