Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз

Қажетті өнімдер

Мөлшерлер 1 рет пісіруге арналған.

Құймаққа арналған

  • Ұн — 200 г
  • Сүт — 150 мл
  • Йогурт — 2 шай қасық
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Ванильді қант — 1 шай қасық
  • Көпсіткіш (разрыхлитель) — 1/2 шай қасық
  • Қант — 2 ас қасық
  • Тұз — бір шымшым
  • Сұйық май — қуыруға қажет

Ішіне салуға және үстіне себуге

  • Банан — 1 дана
  • Бал — қалауыңызша
  • Даршын (корица) — 2 шай қасық
  • Қант ұнтағы — 1 шай қасық

Кеңес: табаңыз «бауырсақ пісіретін» қалыңдау болса, құймақ жақсы әрі жабыспай піседі.

Жасалу тәсілі

  1. 1

    Қамырды дайындау

    Үлкен ыдысқа сүтті құйыңыз. Үстіне жұмыртқа, йогурт, қант және тұзды қосып, жақсылап араластырыңыз. Содан кейін ұн, көпсіткіш және ванильді қантты қосып, біркелкі қоймалжың болғанша араластырыңыз.

  2. 2

    Құймақты қуыру

    Табаны қыздырып, аздап сұйық май жағыңыз. Қамырды бір ожаудан құйып, екі бетін алтын түске дейін пісіріңіз.

  3. 3

    Салмасын әзірлеу

    Бананның қабығын аршып, дөңгелектеп тураңыз.

  4. 4

    Құймақты толтырып, орау

    Дайын құймақтың үстіне бананның 2–3 тілімін қойыңыз. Үстіне 1 шай қасықтай бал жағып, даршын мен қант ұнтағын себіңіз де, құймақты ораңыз. Қаласаңыз, оралған құймақты ортасынан екіге бөліп ұсынуға болады.

Дайындаған:

Жадыра