Мәтінді топтарға бөліп беру
«Аққұс туралы аңыз» сабақ жоспары
Бұл сабақта оқушылар ән өнерінің рухани құндылығын түсініп, қазақ вальсінің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнері арқылы көркем ойға, сезімталдыққа және зерттеушілікке бағыт алады. Негізгі мәтін ретінде ақын Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесі алынады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша түсінік беру.
- Мәтін мазмұны арқылы сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін ұғындыру.
Дамытушылық
- Сыни ойлау, шығармашылық қиял, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорды байытып, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Өнерге және өнер адамдарына құрмет сезімін ояту.
- Сезімталдыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер, ресурстар және байланыстар
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Көрнекіліктер
- Ә. Қастеев суреттері, слайдтар
- Семантикалық карта
- Ш. Қалдаяқов портреті
- Бейнеролик және аудиожазба
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Бейнелеу өнері
«Қазақтың кім екенін білгің келсе, Әбілханның суреттерін, Шәмшінің әндерін зертте».
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Оқушылар шеңберге тұрып, бір түсті таңдайды да, өзін сол түске ұқсас бір нәрсемен теңестіріп, қысқаша таныстырады.
Топқа бөліну және ережелер
- Суреттер арқылы үш топқа бөліну.
- Тыныштық сақтау.
- Ойды толық айту.
- Бір-бірін тыңдау, белсенді қатысу.
- Уақытты үнемдеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ребус және қайталау
Ребус шешу арқылы «өнер» ұғымын еске түсіріп, өнер түрлерін атайды: би, бейнелеу өнері, ән, күй, айтыс, мүсін, қолөнер және т.б. Өткен сабақта Ә. Қастеевтің сурет өнері туралы оқылғаны қайталанады.
«Ыстық орындық» және суреттермен жұмыс
Ә. Қастеевтің салған суреттері көрсетіліп, атауын анықтау арқылы оқушылардың зейіні мен есте сақтау қабілеті тексеріледі. Суреттердің атауына қарай топтардың атауы бекітіледі.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Ән өнері туралы әңгіме басталып, еліміздің ең құрметті әні — гимн екені еске түсіріледі. Гимн авторлары туралы сұрақтар қойылады.
Сабақтың негізгі өзегі — Қазақстанның халық әртісі, «ән падишасы», қазақ вальсінің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқов. Сонымен қатар оның жақын досы, ақын Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесімен танысу жоспарланады.
Жазба жұмысы
Тақтаға және дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.
Оразбек Бодықов туралы қысқаша мәлімет
Оразбек Бодықов 1927 жылы 29 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Жазушы, аудармашы, драматург. Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастап, кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, республикалық қуыршақ театрында және Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазған. Алғашқы әңгімесі 1950 жылы «Жас аңшы» атауымен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған.
Роман, повестері
- «Қанат аспанда қатаяды»
- «Ақ құс»
- «Өмір жолдары»
- «Жұрт туралы жыр»
- «Шәмші Қалдаяқов»
Драмалық шығармалары және аудармалары
- «Отырар ертең қирайды»
- «Қорқыт»
- «Жекпе-жек»
- «Жүрегімнен сұраңдар»
- «Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні»
- А. Тоқмағанбетовтің «Әке мен бала» романын орыс тіліне аударған.
- В. Смирнованың «Раката» («Авиценна») романын қазақ тіліне аударған.
Алдын ала тапсырма (оқушылар зерттеуі)
Мәтінді оқымас бұрын оқушылар кейіпкерлер мен тұлғалар туралы дерек жинап келеді: 1-топ — Ш. Қалдаяқов, 2-топ — Б. Байқадамов, 3-топ — Л. Бетховен.
Бейнематериал
Ш. Қалдаяқов туралы қысқаша бейнеролик көрсету.
Оқулықпен жұмыс
- 1 Сөздік жұмысы: Тау мүлгіп — тау ұйқыға кеткендей. Көл тынып — көл тыныш күйге түскендей. Аспан егіледі — аспан жылағандай күйге енеді.
- 2 Мәтінді топтарға бөліп беру.
- 3 Оқи отырып, таныс емес сөздерді түртіп отыру.
- 4 Әр топтан бір оқушы мәтін мазмұнын әңгімелейді.
Сергіту сәті
Ш. Қалдаяқовтың әнін тыңдау арқылы әсерді сезініп, эмоционалдық серпіліс жасау.
IV. Бекіту кезеңі
«Кубизм» сұрақтары
- Автор Ш. Қалдаяқовтан не туралы сұрады?
- «Аққұс туралы аңызды» Шәмші аға кімнен естіген?
- Аққұстың әніне табиғат пен адамдар қалай табынды?
- Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақ болды?
- Аққұстың соңғы өтініші қандай еді?
- Аққұс ажалдан қалай құтылды?
Топтық жұмыс
- I топ: Аққұс әні құдіретінің табиғатқа және адамға әсері.
- II топ: Табиғаттың ән құдіретіне табынуы.
- III топ: Қарақұстың Аққұс әнін тыңдауға дейінгі және тыңдағаннан кейінгі күйі.
Әңгіме кестесі (қорытындылау)
- Тақырыбы
- «Аққұс туралы аңыз»
- Авторы
- Оразбек Бодықов
- Кейіпкерлері
- Автор, Шәмші, Аққұс, Қарақұс
- Несімен ұнады?
- Ән құдіретінің қуаты табиғатты да, адамды да бірде қуантады, бірде мұңайтады; армандарға жетелейді.
- Түйін
- Өнерді қадірлей білу — рухани мәдениеттің өзегі.
V. Рефлексия
«Аққұс қанатына» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қысқаша жазу: қандай ой туды, қандай сезім болды, қандай сұрақ қалды.
VI. Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Сөзжұмбақты шешу.
- Суретпен жұмыс.
VII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы, топтық жұмысқа қатысуы және мәтінді түсіну деңгейі негізінде бағаланады.
Автор туралы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Айбасова Күміс Маралқызы.