Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтардың суреті
Тәрбие сағаты туралы мәлімет
Өтетін орны
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп-интернаты.
Тәрбиеші: Өскенбаева Ақнұр
Тақырыбы
Жеңіс күні
Сабақ түрі
Саяхат сабақ.
Мақсаты
- Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігімен таныстыру, Жеңіс қуанышын сезіндіру.
- Балаларды екі топқа бөліп, тіл байлығын дамыту.
- Бейбітшілік туралы түсінігін кеңейту.
- Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Проектор
- Тақта
Әдіс-тәсілдері
- Топпен жұмыс
- Сұрақ–жауап
- Ойын
- Тірек сызба
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар! «Балдырған» тобының «Жеңіс күні» атты арнайы тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.
Орындау:
Ән: «Әнұран»
Топтарға бөлу
Сабақты қандай көңіл-күймен бастаймыз? Топқа бөлінбес бұрын «Кім зерек?» ойынын ойнайық.
Ойын шарты
Төмендегі сөздердің екінші әрпін теріп, жасырын сөз құрастырамыз.
1-топ: «Әлия»
Сәмет, алма, жиырма, Аяулым
2-топ: «Мәншүк»
Аман, кәмпит, ана, ашылды, күн, үкі
Қорытынды: Жарайсыңдар!
II. Қызығушылықты ояту
«Батыр» ұғымын ашу
- Елін және жерін сүйетін
- Жаудан қорғайтын
- Қару-жарағы бар, қайсар
Сұрақтар
- Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?
- Оларға не себепті «Батыр» атағы берілді?
«Сиқырлы сан»: 1941–1945
1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда аяқталды. Кеңес елі жауды жеңіп, Жеңіске жетті.
Негізгі ой
Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы үлесі орасан зор болды, ал Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Қазақстанның соғыс жылдарындағы үлесі
Өндіріс
1941–1945 жылдары Қазақстанда 460 зауыт, фабрика және кәсіпорын салынды. Онда мина, снаряд, радио құралдары, техника өндірілді. Сонымен қатар мыс, көмір, металл шығарылды.
Еңбек ерлігі
Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 млн тонна көмір өндірді.
Металл үлесі
Атылған әрбір 10 оқтың 9-ы Қазақстан металынан құйылған.
Марапат
Майдандағы ерліктері үшін қазақстандық 499 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қайырымдылық пен қамқорлық
Қазақстанға соғыс өрті шарпыған өңірлерден тұрғындар көшірілді. Солардың ішінде қазақ отбасылары 10 мыңға жуық баланы бауырына басып, асырап алды.
Талқылау
«Бұлар кімдер? Олар туралы не білесің?» — Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлардың суреттері арқылы әңгімелеу.
III. Мағынаны тану
Ребус
Шешуі:
Жеңіс күні
«Жеңіс күні» нені білдіреді?
- Ескерткіштерге гүл шоқтарын қоямыз
- Тулар желбірейді
- Жыл сайын тойлаймыз
- Көп қуаныш, ән мен естелік
Ой қозғау сұрақтары
- Бізге бейбіт өмірді кім сыйлады?
- «Батырдың аты өлмейді» деп неге айтамыз?
Естелік пен тағзым
Ұлы Отан соғысына қатысқан және мерт болған жауынгерлерге арнап ескерткіштер қойылған. Олардың есімімен мұражайлар, көшелер, мектептер аталған. 9 мамыр күні ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалады.
Мақал-мәтелдер арқылы түйіндеу
«Әлия» тобы
Қоянды қамыс өлтіреді, батырды намыс өлтіреді.
«Мәншүк» тобы
Батырдың аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
IV. Сергіту сәті
«Бұл қай батыр?» — әріптерді орын-орнымен қойып, батырлардың есімін табу.
1)
а, л, т, ғ, а, т
2)
и, я, л, ә
3)
б, у, ж, а, а, н, ы, р
4)
ә, м, н, ш, к, ү
Қосымша материал: толық нұсқасын жүктеу.