Алматы облысы, Ақтам ауылы

Алматы облысы, Ақтам ауылы

Математика пәні мұғалімі: Имангазиева Клара Айтахыновна

Математика курсында есептер шығару сабақтары оқу процесінде маңызды рөл атқарады. Есеп шығару — оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі құралы. Сонымен қатар ол математикалық заңдылықтарды терең меңгеруге, логикалық ойлауды дамытуға және алған білімді іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.

Төменде «Функцияның экстремумдары» тақырыбы бойынша есептер шығарту сабағының жоспары ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы

Функция экстремумдарын табуға есептер шығарту

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Туындының көмегімен функцияның экстремумдарын табу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы

Оқушылардың теориялық білімін практикалық дағдымен ұштастыра отырып дамыту.

Тәрбиелігі

Ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Көрнекілігі
Кестелер, деңгейлік үлестірмелер
Сабақтың типі
Бекіту сабағы
Сабақтың түрі
Сабақ-практикум

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру, мақсат пен күтілетін нәтижені нақтылау.

II. Өтілген тақырыпты еске түсіру

Теориялық бөлім — «Қане, ой қозғайық!»

  1. 1

    Сындық нүктелер дегеніміз не?

  2. 2

    Сындық нүктенің экстремум болуының қажетті шарты қандай?

  3. 3

    Функцияның максимум және минимум нүктелерін табу алгоритмі қандай?

III. Практикум

Есептер шығару арқылы туындыны қолдану дағдыларын бекіту, экстремумдарды табу алгоритмін практикада қолдану.