Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт

Грамматика Ойын элементтері Сыни ойлау

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, мәтіннен сан есімдерді табу және олардың құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету.

Міндеттері

  • 1

    Сан есім бойынша алған білім мен дағдыларды кеңейту; сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту; мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді табуға дағдыландыру.

  • 2

    Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту; талдау жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

  • 3

    Кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу; тіл тазалығын сақтауға баулу.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы оқушының қызығушылығын оятып, білімді еске түсіру арқылы жаңа тақырыпты меңгертуге және бекітуге бағытталған.

1) Қызығушылықты ояту

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім!

Кемеңгер ақын-жазушылар сөйлеген қасиетті тіліміз — қазақ тілінен сабағымызды бастаймыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

«Қайталау — білім анасы» қағидасы бойынша негізгі ұғымдар пысықталады.

Қайталау сұрақтары

  • Сөз неден құралады?
  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
  • «Достық» сөзінің түбірі қандай?
  • Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Тілдер күні мерекесін қашан атап өттік?
  • Мәтіннің неше түрі бар?

Шапшаң ойлан!

Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

Дағды

Есептеу, логикалық ойлау

Миға шабуыл: «Жеті» ұғымы

Жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті шелпек, жеті жұт.

3) Оқулықпен жұмыс

9-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Сан есімдерді байланысты сөздерімен бірге теріп жаз.

Сергіту сәті

1, 2, 3 — қарлығаш боп ұш.
4, 5, 6 — қарлығаш боп қалқы.
7, 8, 9, 10 — қарлығаш боп қон.

«Жеті» саны туралы не білеміз?

Оқушылар мәдени-танымдық ұғымдар арқылы санның мәнін талқылайды.

4) Білімді тереңдету тапсырмалары

10-жаттығу

Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қой. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.

11-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет және сөз табын ата.

12-жаттығу

Ребусты шеш. Мақалдың мәнін түсіндір.

13-жаттығу

Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз. Сан есім сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта. Сөйлемдегі сөздердің арасына неліктен сызықша қойылғанын түсіндір.

14-жаттығу

Құрамында сан есімі бар сөз тіркестерін сөзбен жаз: «Жеті жұрттың тілін біл…».

15-жаттығу — «Кім тапқыр?» ойыны

Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.

Қосымша талқылаулар

  • Жетінші қысқы Азиада туралы қысқаша мәлімет айту.
  • Әлемнің жеті кереметі туралы әңгімелеу.
  • Венн диаграммасы арқылы ұғымдарды салыстыру.

5) Сабақты бекіту

Негізгі сұрақтар

  • Сан есім деген не?
  • Дара сан есім деген не?
  • Күрделі сан есім деген не?
  • Әрқайсысына мысал келтір.

Ой түю

Бүгінгі сабақта сан есімдердің түрлерін ажырату, оларды сөйлемде дұрыс қолдану және мәтіннен табу дағдылары нығаяды.

6) Қорытынды

«Біздің нақты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу».
Н. Ә. Назарбаев

Бұл мақсатқа жету үшін елімізге білімді, өнерлі, әдепті, дені сау, елін сүйетін патриот азамат болып өсу маңызды. Ел ертеңі — бүгіннен басталады.

7) Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

16-жаттығу, 203-бет.

Рефлексия

«Не білдім?» сұрағы бойынша қысқаша қорытынды жасату.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}