Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Сабақтың тақырыбы
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру.
- Зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстырып, айырмашылықтарын байқату.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.
- Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және бір-бірінің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ.
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту.
- Әдіс-тәсілдер
- Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау.
- Көрнекіліктер
- Септіктер кестесі, шығармашылық тапсырмалар, бағалау парағы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Психологиялық жаттығу
Қуанасың сен де,
Қуанамын мен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Қайталау сұрағы
Қазақ тіліне тән неше септік бар?
Зат есімнің септік жалғауларын атаңдар.
Тест тапсырмасы: «Септік жалғаулары»
-
1) Септік жалғаулары не үшін керек?
- A) Заттың көптігін білдіру үшін.
- Ә) Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін.
- Б) Заттың біреуге тән екенін білдіреді.
-
2) «Оқушыдан» сөзі қай септікте тұр?
- A) Атау септік.
- Ә) Ілік септік.
- Б) Шығыс септік.
-
3) Септік жалғауларын таңдаңдар:
- A) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
- Ә) -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і
- Б) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің, -ға, -ге, -ды, -ді
-
4) «Гүлге» сөзі қай септікте тұр?
- A) Ілік септік.
- Ә) Шығыс септік.
- Б) Барыс септік.
-
5) Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар: «Сара ... жинады.»
- A) оқушыға
- Ә) төсекті
- Б) құсты
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Сөздерді оқып, топтаңдар. Топтаған сөздеріңнің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріңдер.
Сөздер жиынтығы
Жаңа тақырып
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі.
Осы бөлімде тәуелдеулі зат есімдердің септелу ерекшеліктері қарастырылады және зат есімнің жай түрімен салыстыру арқылы негізгі айырмашылықтары айқындалады.