Дельфиннің тапсырмасы

Сабақтың тақырыбы

«Ә» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • «Ә» дыбысы туралы білімді толықтыру.
  • «Ә» әрпі бар сөздерді буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау.
  • Сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ

Сабақтың типі

Білімді тиянақтау

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Ойын

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Қызыл және көк текшелер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жылы тілек айтайық.

Бастау

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

  • Еліміз аман болсын!
  • Бірлік болсын!
  • Тәртіпті болайық!
  • Үлкенді сыйлайық!
  • Деніміз сау болсын!

2) Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш —
Класс іші тып-тыныш.
Құралдарым алдымда,
Мен сабаққа дайынмын.

3) Өткенді қайталау

Сұрақтар

  • Бір жылда неше мезгіл бар?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем айларын атап беріңдер.
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Бүгін аптаның қай күні?

Тілек

Жұма күні сәтті болсын!
Күніміз тек жақсы болсын!
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді сыйлайық!

Әңгіме: Балалар, біз мультфильм көреміз бе? Қандай мультфильмдерді білесіңдер?

4) Жаңа сабақ: «Алға, Диего!» саяхаты

Видеороликтен «Алға, Диего!» мультфильмі көрсетіледі. Мұғалім сұрайды: «Мына бала қандай мультфильм кейіпкері?» Балалар: «Алға, Диего!»

Диегоның шарты

«Сәлем, достар! Менімен саяхатқа шыққыларың келе ме? Мен тапсырмалар беремін. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, саяхатқа бірге шығамыз. Келісесіңдер ме?»

Тапсырма: өткен әріптер

Өткен әріптерді атап, олардың дауысты не дауыссыз екенін ажыратыңдар.

А Т П Н Ғ Р Л М У Ш О Й Қ Д Б

Диего: «Жарайсыңдар, достар! Сендерге ризамын. Ендеше саяхатымызды бастайық!»

Саяхат тапсырмалары

1) Маймылға көмектесу

Кішкентай маймылға тал басынан банан алып беруге көмектесеміз. Ол үшін баспалдақ керек. Баспалдақты алу үшін тапсырманы орындаймыз.

Тапсырма: сөздерді оқы

әке, әсем, әже, дәрі, кәрі

2) Құстардың балапанын құтқару

Балапанды жыланнан құтқару үшін жыланның тапсырмасын орындаймыз.

Тапсырма: буындардан сөз құра

  • Ә-ке — әке
  • Ә-же — әже
  • Ә-деп — әдеп

Қосымша: «әже», «әке», «әдеп» туралы тақпақтар айтылады.

3) Қоянды судан құтқару

Бұл жолы бізге дельфин көмектеседі. Дельфиннің тапсырмасы — жұмбақтың шешуін табу.

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.

Жауабы: әтеш

4) Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Көгершінге ұқсайық.
Көгершін боп ұшып ап,
Қане, қанат қағайық.
Орнымызды табайық,
Әдемі етіп жазайық.

Жазылым тапсырмасы

«Әтеш» сөзін дәптерге жазу. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату.

5) Сурет бойынша әңгіме құрау

Берілген суреттерге сүйеніп, қысқа әрі байланысты әңгіме құрастырамыз. Оқиға желісінде «ә» дыбысы бар сөздерді қолдануға тырысамыз.

6) Аюға бал жинауға көмектесу

Аралардың тапсырмасы — жоғалған сөзді табу.

Тапсырма: жоғалған сөзді тап

Ә...

7) Көбелектерге арнап гүл отырғызу

— Мына ұшып жүрген нелер?

— Көбелектер.

— Көбелектер қайда қонады?

— Гүлдерге.

Тапсырма: өзгешесін тап

  • Үйрек, қаз, тауық, үкі
  • Гүлдер, сәбіз
  • Сиыр, ешкі, жылқы, тиін

Терме диктант

Алдыңғы тапсырмалардан «ә» дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

«Дыбыстарды жинау» ойыны

Ойын шарты: мұғалім дыбыстарды атайды, оқушылар сол дыбыстардан сөз құрастырады.

Мысалдар

т + а + н + а → тана ә + т + е + ш → әтеш

Диего: «Жарайсыңдар, достар! Мен сендерге ризамын. Барлығыңа “Табиғат қорғаушысы” деген төсбелгі беремін.»

Қорытындылау

Табиғат туралы өлеңді балалар хормен оқиды.

Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп-қатер төнсе оған,
Қамқорға алып сүйе біл!

Туған жердің табиғаты

Видеоролик арқылы Ойыл өңірінің табиғаты тамашаланады. Оқушылар табиғатты қорғаудың маңызын қорытындылайды.