Желбірейді көк туымыз
Оқу іс-әрекетінің қысқаша мәліметі
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы
Білім беру ұйымы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы
Тәрбиеші
Раушан Сисенбаева
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекет түрі
Тіл дамыту
Тақырыбы
«Көк тудың желбірегені»
Мақсаты
Балалардың өз елінің тарихын танып, ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің қадірін сезінуіне ықпал ету. Гүлденген Тәуелсіз Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін ұғындырып, бойларына отансүйгіштік қасиетті сіңіру. Елін, жерін құрметтеуге және қорғауға баулу.
Көрнекіліктер
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- «Қазақ елі» туралы слайдтар
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Балалар «Желтоқсан желі» әуенімен топқа кіреді.
Шаттық шеңбері
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда көк туым,
Жарқырасын күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тақырыпқа кіріспе әңгіме
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:
«Желбірейді көк туымыз»
Біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Ол — Қазақстан Республикасы.
Сұрақ-жауап
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы
- Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Мемлекеттік рәміздер қандай?
- Ту, Елтаңба, Гимн
Мемлекеттік Гимн
Балалар орнынан тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
Назар аударыңыз
Гимн сөзін жазған авторлар, Тудың бейнесі, түсі және авторы, сондай-ақ Елтаңбадағы бейнелер мен оның авторлары туралы сұрақтар қойылады.
Тарихи дерек
1992 жылы 4 маусымда Елбасымыз ту шашағын сүйіп тұрып: «Қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!» — деген болатын.
Рәміздер туралы тақпақтар
Ақсұңқар
Көк туымыз бетінде
Қыран бүркіт қанаты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Мейрамбек
Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Аяужан
Гимні елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Тәуелсіздікке тағзым
Иә, балалар, әр елдің, әр мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты өз рәміздері болады. Мыңдаған жылдық тарихы бар еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді.
Үш ұғымның мәні
-
Азаттық
Еркін өмір сүру, өз тағдырын өзі айқындау.
-
Теңдік
Әр азаматқа бірдей құқық пен мүмкіндік.
-
Тәуелсіздік
Елдің дербестігі, мемлекеттің тұтастығы.
Осы ұғымдардың салтанат құру жолында халқымыз талай сынақты бастан өткерді. Ел мен жер үшін батырлар заманынан бері қаншама жан тер төкті.
Желтоқсан жаңғырығы (1986)
1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан көтерілісінде өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті. Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев сынды ерлердің есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Қайрат Рысқұлбеков — сәулет-құрылыс жоғары оқу орнының студенті.