Кітапхана сөзінің түбірі қалай
Ақтөбе қаласы
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Мажитова Алтын
Пәні: Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы
Жұрнақ
Сабақтың типі
Білімдерін тексеру
Сабақтың түрі
Пысықтау сабағы
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Қима қағаздар
- Тірек сызбалар
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен психологиялық дайындық жүргізіледі.
Көркем ой: Үлкендерге әр уақытта сәлем беру керек.
Ынталандыру: «Балалар, әр істің көшбасшысы болады. Бүгінгі сабағымызда көп білетін көшбасшымызды анықтаймыз. Сайыста озып шыққан оқушы пән көшбасшысы атанады».
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Күн ретін жазу
Дәптерге күн мен тақырыпты рәсімдеу.
2) Көркем жазу
«С с» әрпін дәптерге көркем жазу.
Ойын құрылымы: 5 айналым
Әр айналымның шарты сол бөлім басталар алдында түсіндіріледі.
1) Бәйге
2) Тіл өнері
3) Жеті жұмбақ
4) Дода
5) Жорға
1-айналым: Бәйге
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
-
1) Сөз құрамы дегеніміз не?
-
2) Түбір мен қосымша дегеніміз не?
-
3) Жұрнақ дегеніміз не?
-
4) Туынды сөз қалай жасалады?
III. Жаңа сабақ (пысықтау)
2-айналым: Тіл өнері
1-жаттығу. Сөздерді оқып, мағыналық айырмашылықтарын салыстыру.
Мысалдар
- Тау — таулы
- Сыпыр — сыпырыш (сыпырушы құрал)
- Ойын — ойыншық
- Ем — емхана
- Біл — білгір
Түсіндірме
Тау — түбір сөз.
Таулы — түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөз.
Әр сөздің мағынасы мұғалімнің жетекшілігімен талданады.
3-айналым: Жеті жұмбақ
2-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, қалың әріппен берілген сөздердің түбірі мен жұрнағын табу және белгілеу. Шешуін бірінші тапқан оқушы орындайды.
Жаздай тынығады,
Қыстай зымырайды.
Үстінде есігі,
Өзі орындық, өзі үстел,
Оқушының бесігі.
Сергіту сәті: қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
4-айналым: Дода
Ойын: «Менің орным қайда?»
3-жаттығу. Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап жазу: -шы, -ші, -лы, -лі, -ды, -ді.
Сөздер
IV. Сабақты қорытындылау
5-айналым: Жорға
1) Карточкамен жұмыс: берілген сызба бойынша түбір сөз тап.
2) Туынды сөз жаса: жұмыс, еңбек, бас, оқу, біл, ас.
3–6) Қайталау сұрақтары:
- Түбір деген не?
- Қосымша деген не?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Туынды сөз қалай жасалады?
7) Сұрақ: «Кітапхана» сөзінің түбірі қандай?
Шығармашылық жұмыс: сөйлемдерді толықтыр.
Қар жауады қалай?
Кімдер? жүр шапалақтап.
Балалар не? киеді.
Не? беттен сүйеді.
V. Сабақты бекіту
Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.
VI. Бағалау
Оқушылар қолдарындағы бағалау картасын көрсетеді. Әр орындалған тапсырмаға 5 ұпай беріледі.
Бәйге
5 ұпай
Тіл өнері
5 ұпай
Жеті жұмбақ
5 ұпай
Дода
5 ұпай
Жорға
5 ұпай
Шығармашылық
5 ұпай
Барлық айналымға белсенді қатысқан оқушы қазақ тілі пәнінің көшбасшысы атанады.
VII. Үй тапсырмасы
Жұрнақ тақырыбын қайталау.
5-жаттығу: көшіріп жазу.