Арнау жазбасақ, шықпайтын болдық құмардан

Мұқағали Мақатаев

Қоя тұрыңдар,
Айтыла жатар арнаулар.
Аялдай тұрыңдар,
Асығыстыққа бармаңдар,
Әлі де талай құлдырау бар да, самғау бар,
Әлі де нелер танылмай жатқан тарлан бар.
Осымыз қалай? Жырымыз неге тым арзан?!
Арнау жазбасақ, шықпайтын болдық құмардан.
Қырсығы тимес, қысқарсын фабрикалар
Арзан бағамен арнау өлеңдер шығарған!
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар - ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мақатаев Мұқағали
Жамбыл – жырау
Абыл Тілеуұлы
Сағи дауысы
Дулат Бабатайұлы шығармалары
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы Еспенбет поэмасының халықтық сипаты
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Базар жырау
Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
Шамшадин мен Клараның, Мерей тойына арнау
Төреқұлов атама арнау
Анаға арнау
Мұхтарға арнау
ЖОО және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары
Махамбетке арнау
Оразақын АсқарЖол әсеріДаланы байтақ қарашы, Жолына темір төсегенЖайқалған жас тал жағасы, Жүргендей болдық көшемен
Абай атаға арнау