Тауық етін тұз, дәмдеуіштер қосып қайнатып пісіріп алу қажет

Қара өрік қосылған салат (салат с черносливом) — өте дәмді әрі тойымды тағам. Тауық еті, ірімшік, жұмыртқа және кептірілген қара өріктің үйлесімі салатқа нәзік құрылым мен бай дәм береді.

Қажетті өнімдер

Тауық еті

200 г

Жұмыртқа

4 дана

Ірімшік (сыр)

150 г

Қияр немесе алма

1–2 дана

Кептірілген қара өрік

100 г

Грек жаңғағы

100 г

Сарымсақ

2 түйір

Майонез

қалауыңызша

Кеңес: Қиярдың орнына алма қоссаңыз, салатқа жеңіл тәтті-қышқыл дәм береді.

Дайындау тәсілі

  1. 1

    Тауық етін тұз және дәмдеуіштер қосып қайнатып пісіріңіз. Суыған соң ұзынша етіп тураңыз.

  2. 2

    Ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Сарымсақты майдалап турап, ірімшікпен араластырыңыз да, майонез қосып бөлек дайындап қойыңыз.

  3. 3

    Жұмыртқаны қайнатып пісіріңіз. Суыған соң қабығын аршып, үккіштен өткізіңіз немесе ұзынша етіп тураңыз.

  4. 4

    Қиярды (немесе алманы) ұзынша етіп тураңыз.

  5. 5

    Кептірілген қара өрікті ыстық суға 5–7 минут салып жұмсартыңыз. Кейін жуып, ұзынша етіп тураңыз.

  6. 6

    Грек жаңғағын майдалап тураңыз немесе үгітіңіз.

Қатар-қатар (слой) салып жасау

Үлкендеу тәрелке алыңыз да, өнімдерді қабаттап салыңыз:

  • 1-қабат: сарымсақ қосылған ірімшік (майонезбен араластырылған).

  • 2-қабат: аздап майонез, үстіне тауық еті.

  • 3-қабат: майонез, үстіне қияр (немесе алма).

  • 4-қабат: аздап майонез, үстіне жұмыртқа.

  • 5-қабат: майонез, үстіне қара өрік.

  • Соңы: майонез жағып, ең бетіне жаңғақты себіңіз.

Жылдам нұсқа (араластырып жасау)

Қабаттап салғыңыз келмесе, барлық өнімдерді ұзынша етіп турап, майонезбен араластырыңыз. Үстінен грек жаңғағын себіңіз.

Дәмі жақсы ашылуы үшін салатты 20–30 минут тоңазытқышта ұстап алсаңыз болады.

Қорытынды

Салат дайын. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра