Бізді қоршаған аспан әлемі
Сабақтың тақырыбы
«Табиғат тамашалары» сайысы
Сабақтың мақсаты
-
Оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
-
Табиғат және оның тірі бөліктері туралы ұғымдарын дамыту.
-
Табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
Сайыстың барысы
Психологиялық дайындық
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер ана!
Амансыз ба, қадірлі қонақтар!
Амансың ба, сен!
Амансың ба, мен!
Сөзжұмбақ
Балалар, мына сөзжұмбақты шешейік:
-
1
Кішкене құс
-
2
Тәтті жеміс
-
3
Ұрған сайын семіреді
-
4
Адамның досы
-
5
Бізді қоршаған аспан әлемі
-
6
Сулы жеміс
-
7
Орман құсы
Демек, бүгінгі сабағымыз табиғат туралы.
«Табиғат» дегеніміз не?
Су
Табиғат — ол су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетіндегі тіршілікті елестету мүмкін емес.
Топырақ
Табиғат — ол топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Өсімдік
Табиғат — ол өсімдік. Өсімдік — жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке, суықта — пана, ауырғанда — дәрі, ал көңіл құлазығанда — қуантатын табиғаттың сұлу көркі.
Өсімдік — таза ауа, еліміздің дәулеті саналатын жасыл желек пен орман.
Жануарлар әлемі
Табиғат — ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары — ақбөкен, әні мен сәні — бұлбұл, су аруы — аққу — табиғатымыздың көркі.
Жұмбақтар сайысы
Ендеше, табиғат туралы жұмбақтарды шешейік. Алғырлық танытқан балалар сайысқа қатысады.
Жиегіне шатырдың
Судан шеге қатырдым.
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
Жаңбыр жуды жерімді,
Көкте өрмек керілді.
Түсі бар — көрінбейтін,
Біртұтас — бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін.
Жыл мезгілі — шуақты,
Жердің беті нұрланған.
Сайын қуып су ақты,
Гүлдер өсті ырғалған.
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.