Paint графикалық редакторын ашу жолдарын түсіну

Сабақтың тақырыбы

Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу

Графика Paint Практика

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге, құрал-саймандарды тиімді пайдалануға үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру

  • Оқулық бойынша кесте толтыру.
  • Сәйкестендіру тестін орындау.

Жаңа сабақ: Paint графикалық редакторы

Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағдарлама.

Графикалық редакторлардың түрлері

Нүктелік (растрлық) редактор

Сурет пиксельдерден (нүктелерден) тұрады. Әр пиксель әртүрлі түске бояла алады, сондықтан сурет мозаика тәрізді құралады.

Векторлық редактор

Сурет геометриялық объектілер арқылы беріледі (сызық, қисық, фигура). Мұндай графика масштабтауға ыңғайлы.

Paint туралы

Paint (Paintbrush) — Windows жүйесінің стандартты бағдарламаларына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Мүмкіндіктері кәсіби редакторларға қарағанда шектеулі болғанымен, ол түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды дайындауға мүмкіндік береді.

Редакторды меңгеру қиын емес: сурет салуға, сызуға және өңдеуге арналған стандартты құралдар жиыны бар. Дайын бейнелер кең тараған графикалық форматтарда сақталады.

Практикалық және шығармашылық жұмыс

Практикалық тапсырмалар

  1. 1 Paint графикалық редакторын ашу жолдарын меңгеру.
  2. 2 Құрал-саймандар тақтасымен танысу.
  3. 3 Фигураларды сызу және қию тәсілдерін үйрену.
  4. 4 Қалаған тақырып бойынша сурет салу.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өз идеялары бойынша тақырып таңдап, Paint құралдарын пайдаланып сурет салады. Мақсат — құралдарды саналы қолдану және жұмысты ұқыпты рәсімдеу.

Файлмен жұмыс

  1. 5 Суреттерді сақтау, ашу және жаңа бет ашу жолдарын үйрену.

Сабақты бекіту

Жұптық жұмыс және өзара бағалау

Оқушылар жұппен жұмыс жасап, бір-бірінің орындаған тапсырмаларын тексеріп, критерий бойынша бағалайды.

Бекіту сұрақтары

  1. Қандай графикалық редакторларды білесіз?
  2. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін атаңыз.
  3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
  4. Түстер палитрасы не үшін қажет?
  5. Саймандар панелінің қызметі қандай?
  6. Негізгі батырмаларға сәйкес олардың қызметтері қандай?
  7. Суреттерді сақтау үшін қандай әрекеттер орындау керек?
  8. Сақталған суреттерді ашу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
  9. Жаңа бет ашу әрекеттерін атаңыз.

Үй тапсырмасы және қорытынды

Үй тапсырмасы

ДК-мен жұмыс: Paint бағдарламасында шағын сурет салып, файлды өз атауымен сақтап келу.

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың жұмыстары бағаланады, жаңа материал қысқаша қайталанып, негізгі ұғымдар пысықталады.