Дыбыстың сөздерде дұрыс айтылуын машықтандыру

Сабақтың тақырыбы

«Ш» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау

Мақсаты

  • Білімділік: «Ш» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға бөлуді меңгерту.
  • Түзетушілік: фонематикалық есту қабілетін дамыту; логикалық ойлау мен таным үдерістерін жетілдіру; сөздік қорды молайту; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
  • Тәрбиелік: сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жолдастарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Заттық суреттер: шағала
  • Таяқшалар
  • Схема (дыбыстық талдау үлгісі)

Сөздік жұмыс

Шағала — су маңында тіршілік ететін құс.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды жарты шеңбер жасап тұрғызу.

Сұрақ-жауап:

  • Осы аптада біз не туралы айтып жүрміз?
  • Қысқа тән құбылыстарды атаңдар.

Балалардың жауаптары: Қыста күн суық болады. Қар жауады.

Балалар бір-біріне жылы лебіз айтып, жүрекшені бір-біріне береді.

Тәрбиеші тілегі: «Сендер үлкен ер-азамат болып өсіңдер!»

Балалар орындарына отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Балалар өздері танитын әріптердің ұяшығын көрсетіп, атап береді.

III. Сабақтың тақырыбын баяндау

Тақтадан әріпті көрсету: «Ш».

Барлығы бірге дыбыстау: Ш — ш — ш.

Негізгі ұғым:

«Ш»дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбысты белгілеу үшін көк текше қолданылады.

Бүгінгі сабақта «Ш» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

Практикалық жұмыс және ойындар

IV. Дыбысты сөз ішінде дұрыс айтуға машықтандыру

Тақтадағы «Ш» әрпі мен буындарды көрсетіп, «Ш» дыбысын буындарға қосып оқимыз.

Оқу үлгісі

ШАҒАЛА

ШАҒАЛА

«Шағала» сөзінің мағынасын түсіндіру: шағала — су маңында тіршілік ететін құс.

V. Фонематикалық есту қабілетін дамыту («Зейінді бол» ойыны)

Тәрбиеші дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады. Балалар: дауысты дыбысты естісе — қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естісе — көк текшені көтереді.

Дыбыстар қатары

1-қатар: А, Н, Е, В, С, О, О, О

2-қатар: М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ

3-қатар: М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К

Қорытындылау: Балалардың зейіні мен ажырату дағдысы бағаланады.

VI. Оқып жатқан дыбысқа дыбыстық талдау жасау

«Шағала» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Қадамдар

  • Сөзді бірге айту: шағала.
  • Сөздегі дыбыстар санын анықтау.
  • Дауысты дыбыстар санын анықтау.
  • Ереже: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
  • Буынға бөлу: ша — ға — ла.
  • Бірінші, екінші, үшінші және соңғы дыбысты көрсетіп, атау.

VII. Бекіту («Ұшты, ұшты» ойыны)

Тәрбиеші ұшатын және ұшпайтын заттарды атайды. Балалар тек ұшатын нәрселер айтылғанда ғана қолдарын көтереді.

VIII. Үй тапсырмасы

«Ш» дыбысы бар 10 сөз ойлап келу.

IX. Қорытынды

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Ш» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрендік және ойындар арқылы тыңдау мен ажырату дағдыларын бекіттік.