Алтын аяқ, Жете алмадым жалаң аяқ

ОҚО, Түркістан ауданы, Қос Қорған жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жаппаров Шарипжан Рахимович

Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі

    Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың сын есім туралы білімін еске түсіру және кеңейту.

  • Дамытушылығы

    Ой-өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық және есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелігі

    Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға және сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Кестелер, сызбалар
  • Тест тапсырмалары

Әдіс-тәсілдері

  • Ақпараттық технологияны қолдану
  • Сұрақ-жауап
  • Мақал-мәтелдер
  • Ой-толғау, сөйлем құрастыру

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі Математика География Физика Өзбек тілі Орыс тілі Ағылшын тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз

Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Қ. Мырза-Әли

II. Үй жұмысын тексеру

  1. 1) Етістік дегеніміз не?
  2. 2) Етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Тапсырма: кестедегі суреттерді және олардың түстерін есте сақтап, сабақ соңында қайта айтып беру.

III. Сөзжұмбақты шешу

Төмендегі жұмбақтардың жауаптарын тауып, шыққан сөз табын анықтаңыз.

  • 1) Аспай піскен, қайнамай түскен.

    Жауабы

    Жеміс

  • 2) Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың.

    Жауабы

    Жаңбыр

  • 3) Жұрттың бәрі оны сүйеді, бірақ оған қарағысы келмейді.

    Жауабы

    Күн

  • 4) Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — қашады.

    Жауабы

    Жел

  • 5) Отбасында құмған, екі көзін жұмған.

    Жауабы

    Мысық

  • 6) Жерге қазықты қақтым, басына айдар тақтым.

    Жауабы

    Сәбіз

  • 7) Алтын аяқ, жете алмадым жалаң аяқ.

    Жауабы

    Сағым

Сұрақ: қай сөз табы шықты? Бүгінгі тақырып — сын есім.

Сын есім: анықтама және негізгі белгілері

Сын есім дегеніміз не?

Сын есім — заттың сынын, сапасын, көлемін, дәмін, түр-түсін (реңін), салмағын, иісін білдіріп, қандай? және қай? сұрақтарына жауап беретін сөз табы.

Сын есімді қалай танимыз?

Адам сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы таниды: көз, құлақ, мұрын, ауыз, тері. Сол арқылы байқаған қасиеттерімізді сөзбен жеткізгенде, көбіне сын есімдер қолданылады.

Бес сезім мүшесі және білдіретін белгілер

  • Көз

    Заттың көлемін, түр-түсін көруге көмектеседі.

  • Құлақ

    Заттың немесе құбылыстың дыбысын естиді.

  • Мұрын

    Заттың иісін сезеді.

  • Ауыз

    Заттың дәмін ажыратады.

  • Тері (дене)

    Заттың ыстық-суығын, қатты-жұмсақтығын сездіреді.