Күй - дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы

Физика пәні • 9-сынып

Энергия: сақталу заңы және бір түрден екінші түрге айналуы

Бұл сабақта энергия ұғымын механика тұрғысынан түсіндіреміз, механикалық энергияның түрлерін ажыратып, тұйық жүйеде энергияның сақталуын нақты мысалдар арқылы қарастырамыз.

Мұғалім

Ермекова Айдана

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі

Жаңа білім негіздерін қалыптастыру

Әдістер

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Формулалар, слайдтар, сызбалар және т.б.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту; оқу материалын өңдеудің жеке тәсілдері арқылы тиімді жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық

Есте сақтау және шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Ғылыми дүниетанымды кеңейту; алған білімді өмірде қолдануға баулу; өз бетінше ізденуге дағдыландыру; еңбекке тәрбиелеу; ғылымға қызығушылықты арттыру.

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру, мақсатты нақтылау.

  2. II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

    • Зымыран қалай қозғалады?
    • Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
    • Реактивті қозғалысқа мысалдар келтір.
    • Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
    • Ғарышты зерттеуде қандай шамалар маңызды?
  3. Қызығушылықты ояту

    Оқушыларға жоғарыдан төмен құлап келе жатқан металл шардың суреті көрсетіледі.

    Тапсырма

    Дененің күйі (жағдайы) қалай өзгереді? Бұл өзгерісті қандай шамалар арқылы сипаттауға болады?

    Қосымша талқылау: серіппеге ілінген жүктің қозғалысы кезінде энергия қалай түрленеді?

  4. III. Жаңа сабақты түсіндіру

    Энергия — дененің күйін сипаттайтын физикалық скаляр шама. Адамның күйін сипаттағанда қан қысымы, температура сияқты көрсеткіштерді атаймыз; дәл сол сияқты механикада да дененің белгілі бір уақыт мезетіндегі күйін сипаттайтын параметрлер бар.

    Күй ұғымы

    Күй — дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы. Механикалық күйді сипаттау үшін екі нәрсені білу жеткілікті:

    • дененің (нүктенің) орны — координаталары;
    • қозғалысы — жылдамдығы.

    Координаталар мен жылдамдық — күй параметрлері.

    Механикалық энергия

    Дененің (немесе нүктенің) механикалық күйін сипаттайтын шама механикалық энергия деп аталады. Ол — дененің механикалық жұмыс істей алу қабілеті.

    Энергияның өлшем бірлігі: Джоуль (Дж).

    Кинетикалық энергия

    Қозғалыстағы дененің энергиясы кинетикалық энергия деп аталады.

    Потенциалдық энергия

    Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің бір-біріне қатысты орналасуына байланысты энергия потенциалдық энергия деп аталады.

    Тұйық жүйе және энергияның сақталуы

    Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелерде әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергия болуы мүмкін. Мұндай денелер жиынтығы тұйық жүйе деп аталады.

    Тұйық жүйенің толық энергиясы тұрақты, яғни уақыт бойынша өзгермейді. Энергия тек бір түрден екінші түрге айналады.

    Мысалдар (энергия түрленуі)

    • Соқтығысқан шарлардағы энергияның өзгерісі мен алмасуы.
    • Жер–жүк–серіппе жүйесіндегі тербеліс кезінде потенциалдық және кинетикалық энергияның ауысуы.
    • Жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалысында энергияның түрленуі.