Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

Тарих пәні мұғалімі: Досетова Анаргүл Адхамовна

Тарих пәнін оқытуда түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

К. Ушинский: «Бірсарынды және бір бағытта жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан оқыту барысында әр түрлі әдістер мен формаларды алмастыра отырып қолдану керек».

Кіріспе

Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты. Мемлекет дамуы үшін дүниетанымы кең, өресі биік, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеу — бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты.

Сапалы білім беру — қай қоғамда, қай кезеңде болмасын, ең өзекті міндет. Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменскийдің «оқымай, тоқымай білікті, өнерпаз, шешен, ақын болған адамдар жоқ» деген пікірі білімнің іргетасы ең алдымен жүйелі оқыту мен еңбекте екенін айқындайды.

Демек, баланың дұрыс білім алуы — ең алдымен ұстазға байланысты. Мұғалім теориялық тұрғыдан жақсы дайындалып, өз ісіне жетік болғанда ғана оқушыға терең білім мен дұрыс бағыт бере алады. Бұл өз кезегінде қолайлы әдісті орнымен таңдай білуге тіреледі.

Негізгі бөлім

А. Байтұрсынов: «Әдіс — ерекшеліктен шығатын нәрсе; әдістің жақсы, жаман болуы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деп атап көрсеткен. Шынында да, әр сыныптың білім деңгейі мен қабылдау ерекшелігі әртүрлі болғандықтан, бір ғана тәсілге сүйену тұрақты нәтиже бермейді.

Мұғалімнің мақсаты

Оқушы алған білімін өмірлік жағдайларда қолдана алатын, өздігінен әрекет ететін, өзіндік көзқарасы бар тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Замана талабы

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерту және оны сабақ үдерісінде тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру.

Өз тәжірибемде оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сабақты ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыруға ұмтыламын. Әр сабақта оқушыны ойлануға жетелеу, өздігінен ізденуге баулу, ойын ауызша және жазбаша жинақтап жеткізуге үйрету — мұғалімнің абыройлы міндеті.

Қолданылатын технологиялар

Саралап-деңгейлеп оқыту Тесттік технология Сатылай кешенді талдау Сын тұрғысынан ойлау

Бұл тәсілдер сабақтың мазмұнын байытып, оқушының белсенділігін арттыруға және білімді саналы түрде меңгертуге ықпал етеді.

Тәжірибеден мысалдар

5-сынып: «Қазақ-жоңғар соғысы. Қазақстанның Ресейге бодан болуы»

Тарихты алғаш оқи бастаған 5-сынып оқушыларына тақырыпты меңгертуде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын негізге алдым. Жаңа тақырып бойынша жылдар мен атауларға анықтама беруді тапсырдым.

Оқушыларға жеңіл әрі қызықты болу үшін терминдер мен хронологиялық жылдарды ретімен тақтаға ұсынып, оларды түсіндіру, байланыстыру және мәнін ашу жұмыстары жүргізілді.

Терминдер мен даталар қатары

XVII ғасырдың 30-жылдары чорос дүрбет хошоуыт торғауыт ойрат қалмақ қонтайшы 1723 жыл «Ақтабан шұбырынды» «Елім-ай» 1726 жыл қазақ батырлары Әбілқайыр хан 1728 жыл 1730 жыл 1731 жыл Анна Иоанновна Тевкелев

Нәтиже

Оқуға ынтасы төмен, орташа деңгейдегі оқушының өзі тапсырманы қызығушылықпен орындады.

Келесі сабақ

Үй тапсырмасы осы тәсіл арқылы жарыса айтылды; оқушылар белсенділігі артты.

Бағалау

«5»
4 оқушы
«4»
6 оқушы
«3»
2 оқушы

Мұндай тапсырмалар жаңа білімді игеруді жеңілдетіп, оқушылардың тақырып бойынша танымын арттырды. Олар түрлі жағдаяттарда шешім табуға, ғылыми ақпаратты талдауға, өңдеуге, жинақтауға және оны қолдануға бейімделе түсті.

6-сынып: «Тас дәуірі»

«Тас дәуірі» тақырыбын қайталау және білімді тексеру кезеңінде үлестірмелі карточкалар арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылды. Карточкалар оқушы деңгейіне қарай сараланған тапсырмалар беруге мүмкіндік берді.

Қолданылған тапсырма түрлері

  • Кесте толтыру
  • Сәйкестендіру
  • Ширату сұрақтары
  • Дискуссиялық өрнек
  • Тарихи диктант
  • Тарихи шатасу
  • Семантикалық карта
  • «Жылдар сөйлейді» тапсырмалары

Қорытынды

Тарих сабағында тапсырмалардың түрленуі оқушының қызығушылығын оятып қана қоймай, білімді саналы түрде меңгеруіне, талдау мен қорытынды жасауына, алған ақпаратты қолдануына мүмкіндік береді. Сондықтан әр сабақта оқыту әдістері мен формаларын орынды алмастырып, оқушыны белсенді әрекетке тарту — білім сапасын арттырудың тиімді жолы.

Негізгі қағида: қызықты, танымды, ойлантатын сабақ — нәтижелі сабақ.

Толық нұсқасын жүктеу