Сабақтың тақырыбы. Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу
Сабақтың тақырыбы
Әдептілікке үйренейік. Сөз.
Оқу мақсаттары
- 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
- 3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау.
Сабақ мақсаттары
- Барлығы: жаңа білімді меңгереді.
- Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
- Кейбірі: алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар және байланыстар
- Құндылықтарды дарыту
- Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
- Пәнаралық байланыс
- Өнер, ана тілі.
- АКТ қолдану дағдылары
- Аудиожазба, таныстырылым.
- Тілдік құзыреттілік
- Әдепті — этики — ethics
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ұзақтығы: 5 минут
Қимыл-өлең
Аққу болып ұшамыз, Көлге келіп қонамыз. Көлдің бетін құшамыз, Қайта самғап ұшамыз.
Талқылауға кіріспе
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінуді үйрену қандай тамаша! Бұл — қуаныш пен сенімге толы сәт.
Сабақтың ортасы
№1 Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Өлең
Бөбектерім, оқы, ойна, Оқу-білім саған пайда. Кітабыңның шетін жыртпа, Сиямен бояп қойма. Қолыңды жу, тырнағыңды ал, Мұрыныңды орамалмен сүрт. Кешігіп қалмай мектепке бар, Балалармен алысып жүрме. Ата-анаң мен мұғалімге Қарсы келмей, әдепті бол. Өтірік айтпа, шындыққа үйрен — Тілейтін сенен сол.
Талқылау және сұрақтар
Өлеңдегі әдептілік ережелерін суреттерге сүйеніп айтып көр. Сен осы ережелерді күнделікті орындап жүрсің бе?
- Берілген өлең не туралы?
- Өлең саған ұнады ма? Неліктен?
- Бұл өлең саған нені еске түсірді?
- Мәтіннің қай бөлігінде күлкің келді?
- Қай сөздер ұқсас болып естіледі?
Қосымша сергіту
Ырғақ пен қимыл арқылы көңіл күйді көтеру.
Өлең жолдары
Аппақ болып таң атты, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биік ұшады.
Ұран-өлең
Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн, Жаса, жаса жарқын күн.
Пән мұғалімі
Салманова Тұмар Рахымбайқызы
Материал: «Әдептілікке үйренейік. Сөз»